Бүгін С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінде «Қазақстан Республикасы аграрлық ғылымды дамытудың проблемалары мен перспективалары» тақырыбында Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Экономикалық саясат, инновациялық даму және кәсіпкерлік комитетінің көшпелі отырысы өтті.
Бұл шараға ҚР Парламенті Сенатының депутаты Д.З.Әділбеков, ҚР Парламенті Сенатының Комитет мүшелері, ҚР БжҒМ мен ҚР АШМ өкілдері, «ҰАҒБО» КеАҚ Басқарма Төрағасы Т.С.Рақымбеков, «С.Сейфуллин атындағы ҚазАТУ» КеАҚ Басқарма Төрағасы А.Қ.Күрішбаев, «Қазақ егіншілік және өсімдік шаруашылығы ҒЗИ» ЖШС Бас директоры А.В.Агеенко, «Қазақ ғылыми-зерттеу ветеринария институты» ЖШС Бас директоры А.Ә.Сұлтанов және өзге де ғалымдар мен мамандар қатысты.
Отырыс барысында отандық аграрлық ғылымды дамыту үшін қандай негізгі мәселелерге көңіл аудару керектігі жайлы бірнеше маңызды ұсыныстар талқыланды. Сондай-ақ агроөнеркәсіптік кешенді дамыту туралы заңнаманы жетілдірумен қатар экономиканың стратегиялық маңызды салаларында іргелі, қолданбалы зерттеулерді жүргізу жұмыстарын жандандыру керектігі жайлы айтылды. Еліміздегі ауылшаруашылығы саласы бойынша мамандар даярлайтын білім ордаларының заман талабына сай болуы да назардан тыс қалған жоқ. Білікті де, білімді мамандарды даярлау үшін жоғарғы оқу орындарында тек теориялық білім беріп қана қоймай, өндірістік тәжірбиені жетілдіріп, білім ошақтарын ғылыми зерттеу университеттеріне айналдыру мәселесі де айтылды.
Белгілі ғалым, академик,«С.Сейфуллин атындағы ҚазАТУ» КеАҚ Басқарма Төрағасы А.Қ.Күрішбаев өз сөзінде бүгінгі таңда ҚазАТУ еліміздегі ірі аграрлық зерттеу университет болуға дайын екеніндігін мәлімдеді. Одан бөлек ғылыми және кадрлық мүмкіндіктерге сай мамандар даярлап, ауыл шаруашылығында сенімді серіктес болуға жол ашылмақ. Осыған сәйкес аграрлық сектордың экономикасына арналған жаңа форматтағы мамандарды даярлауға бағытталған халықаралық жоба жүзеге асырылмақ. Алдағы уақытта ҚазАТУ Франциядағы AgroParisTech университетімен бірге қосдипломдық білім беру жүйесіне көшу мен оқу бағдарламаларын жаңғырту бойынша жол картасын жетілдіріп жатқандығын тілге тиек етті.
Смотрите больше интересных агроновостей Казахстана на нашем канале telegram, узнавайте о важных событиях в facebook и подписывайтесь на youtube канал и instagram.
Обсуждение