Мәзір

Түркістан облысында жемістер мен көкөністерді өңдеу жобасы іске қосылады

16.05.2024
Түркістан облысында жемістер мен көкөністерді өңдеу жобасы іске қосылады

«Түлкібас Жеміс-Жидектері» ауылшаруашылық өндірістік кооперативі жалпы құны 1,1 млрд теңгені құрайтын жеміс-көкөніс өнімдерін өңдеу жобасын жүзеге асырып жатыр. Бұл жөнінде World of NAN облыс әкімдігіне сілтеме жасай отырып хабарлайды.

Жалпы ауданы 2200 шаршы метр жеміс-көкөніс өнімдерін өңдеу кәсіпорнына кәсіпкердің жеке қаражаты есебінен 122 миллион теңге инвестиция құйылып, 350 миллион теңгесі мемлекеттік өтеусіз грант есебінен, ал қалғаны жеңілдетілген несие арқылы қаржыландырылды.

Мұнда маусым сайын дайын ыдыстағы 0,2 литрлік 16,3 миллион банка алма шырыны, 90 тонна кептірілген жемістер, 100 тонна кептірілген алма ұнтағы және 50 тонна балалар тағамы (пюре) шығарылады.

Кәсіпкер шикізатты өзі өндіреді. 360 гектар алма бағында өсірілген сақтауға жарамсыз өнімінің бір бөлігі өндіріске жіберіледі.

Негізгі нысанның құрылысы толығымен аяқталды. Жақын күндері төбе жабыны мен ішкі-сыртқы әрлеу жұмыстары аяқталады. Жұмыстар аяқталған соң Қытайдан қажетті құрал-жабдықтар әкелінетін болады.


Смотрите больше интересных агроновостей Казахстана на нашем канале telegram, узнавайте о важных событиях в facebook и подписывайтесь на youtube канал и instagram.

Обсуждение

0 коментарии