Мәзір

«JAŃA DALA/VET ASTANA 2023» конференциясында «Ауыл аманаты» бағдарламасын тиімсіз деп атады

29.11.2023
«JAŃA DALA/VET ASTANA 2023» конференциясында «Ауыл аманаты» бағдарламасын тиімсіз деп атады

Қазақстан ет одағының бас директоры Мақсұт Бақтыбаев «Ауыл аманаты» бағдарламасының тиімділігіне күмән келтірді. Ол мұндай пікірді «JAŃA DALA/VET ASTANA 2023» мамандандырылған көрме-конференциясында айтты, деп хабарлайды World of NAN.

Естеріңізге сала кетейік, Қазақстанда ауыл тұрғындарының табысын арттыру мақсатында «Ауыл аманаты» бағдарламасы іске қосылып, бағдарлама аясында азаматтарға бизнесін жүзеге асыруға 2,5 пайызбен несие беріліп келеді.

«Қазіргі сәтте бағдарлама шамалы қарабайыр түрде жүріп, ауыл тұрғындарына ақша жай ғана үлестіріліп жатыр. Өкінішке қарай, олар мұны тікұшақтан жауған ақша деп түсініп, арзан пайыздық мөлшерлемені пайдаланып, оны ұстап қалып жүр. Яғни, бұл ауыл халқының кірісін құрылымдық түрде арттырмайды», – деп түсіндірді Мақсұт Бақтыбаев.

Оның айтуынша, бизнес қауымдастығы үкіметке ұсыныс жасаған. Мемлекетке асыл тұқымды ірі қара, ұсақ мал және басқа да мал түрлерін өсіретін дайын фермалар салу ұсынылыпты. Мұндай фермалардың көлемі бір отбасының айына миллион теңге табыс алуына мүмкіндік береді.

«Біріншіден, бұл жағдайда біз ақшаны мақсатсыз пайдалану қаупін алып тастаймыз, ол өз мақсатына жұмсалады. Екіншіден, ферма барлық қатені ескере отырып, технологиялық тұрғыдан дұрыс салынады. Үшіншіден, біз мұны зәкірлік кооперациямен серіктестікте жасаймыз. Яғни, оларды мал бордақылау алаңына байлаймыз. Кәсіпорынға ауыл тұрғындарының өнімдерін сатып алуға, ветеринария мен өндіріске көмектесуге кепілдік беріледі», - деді Бақтыбаев.

Бұл ұсыныс қазір қарастырылып жатыр. Келер жылы пилоттық режимде осындай жоба іске қосылуы мүмкін.


Смотрите больше интересных агроновостей Казахстана на нашем канале telegram, узнавайте о важных событиях в facebook и подписывайтесь на youtube канал и instagram.

Обсуждение

0 коментарии