Мәзір

Ақтөбеде өндірістік кооператив 80 жылыжай салады

04.08.2020
Ақтөбеде өндірістік кооператив 80 жылыжай салады

«Бұтақ» өндірістік кооперативінің жетекшісі Берген Ғаббасов Ақтөбе өңірінде 32 гектар жерге 80  жылыжай салуды жоспарлап отыр. Бұл туралы «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасында хабарлады.

Кооператив мүшелері жылыжай салуға кірісті. Қазіргі уақытта кәсіпкерлердің бірі- Руслан Мырзагелдиев еккен қиярларын жинап үлгерді. Қызанақ, цуккини, асқабақ, қырыққабаттың түрлі сұрыптары пісуге таяу. Сондай-ақ алма көшеттерінің аллеясы отырғызылды. Мұнда шаруашылыққа арналған құрылыс қарқынды жүріп жатыр.

«Біз шағын жеке қосалқы шаруашылық жұмыстарын жылыжай бизнесімен біріктіргіміз келеді. Кооперативтің жалпы жиналысында белгіленгендей жерді барынша пайдаланатын боламыз. Басты  міндет кооператив құрамына кіру керек. Типтік кешендерде жылыжай үшін 10 сотық, бақ өсіру үшін 20 сотық және жеке пайдалану, шаруашылық құрылыстарын салу үшін 10 сотық жер беріледі. 5-тен 10 адамға дейін жұмысқа орналасады. Біз жылыжай салуға көмектесеміз, сондай - ақ алма ағаштарын егу үшін көшеттермен қамтамасыз етеміз», - деді Берген Ғаббасов.

Жобаның идеялық жетекшісі Берген Ғаббасов жылыжай ісін жандандырып қана қоймай, әр жерде алма ағаштарын өсіру жұмысын да қолға алатын болады. Оның питомнигінде үлкен  ағаштар да, жаңадан отырғызылған жас көшеттер де бар.

«20 сотық жерге отырғызылған 200 алма көшеті жылыжайлардан кем емес табыс әкеледі. Әр ағаштан 50-60 кг өнім аламыз, бұл өте пайдалы. Біздің бақ өсіру тәжірибеміз бар. Мұнда әртүрлі жылдары отырғызылған 42 мың алма көшеті өсіп тұр. Көшеттерді көктемде-күзде сатамыз, сондай - ақ алмаларды базарлар мен Ақтөбенің сауда желілерінде сатамыз», - деді кәсіпкер.

Есептеулеріміз бойынша, шамамен 2-3 млн теңге жылыжай мен шаруашылық құрылыстарын салуға жетеді. Онда көкөніс сақталады, жұмысшылар тұратын болады, сондай-ақ кешенді жабдықтау және электрмен қамтамасыз ету мәселелері шешілді. Газ жүргізу жақын мерзімдегі жоспарда бар.

Берген Ғаббасов атап өткендей, өндірістік кооперативтің тарихы 1994 жылдан басталады. Бүгінде мұнда өсімдік шаруашылығымен қатар мал шаруашылығы да дамуда. 69 адам жұмыс істейді. Шаруашылық өз тәжірибесімен бөлісіп, басқаларға да үйрете алады.

Өз кезегінде Кәсіпкерлер Палатасы жобаны жүргізуді, оны іске асыруды және АӨК-ті дамытуды қолдау бағдарламаларын пайдаланып көмектесуде.

Аталған шаруашылық Ақтөбе қаласының маңында-Ақжар-2 ауылында орналасқан. Жобаға қатысуға қызығушылық танытқандар келесі нөмір бойынша кәсіпкермен байланыса алады: +7 702 438 1014.

Ақпарат көзі: eldala.kz


Смотрите больше интересных агроновостей Казахстана на нашем канале telegram, узнавайте о важных событиях в facebook и подписывайтесь на youtube канал и instagram.

Обсуждение

0 коментарии