Мәзір

Декарбонизация үдерісі Қазақстанның ауыл шаруашылығына әсер етеді

04.03.2024
Декарбонизация үдерісі Қазақстанның ауыл шаруашылығына әсер етеді

Астана қаласында Қазақстандағы климаттық заңнаманы жетілдіру бойынша сараптамалық семинар өтті. Бұл жөнінде World of NAN Ұлттық экономика министрлігіне сілтеме жасай отырып хабарлайды.

Ұлттық экономика бірінші вице-министрі Тимур Жақсылықов 2060 жылға дейін көміртегі бейтараптығына қол жеткізу стратегиясын іске асыру жөніндегі Жол картасын әзірлеудің бағыттарын айтты.

Оның айтуынша, Жол картасын әзірлеу кезінде еліміздің ерекшелігін ескере отырып, Қазақстан үшін бірегей энергетикалық көшу моделін қалыптастыру қажет болады.

«Декарбонизация экономиканың барлық салаларына, әсіресе энергетика, өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы және қалдықтарды басқаруға әсер етеді. Сондықтан жол картасында төмен көміртекті саясатты кешенді түрде жүзеге асыру және секторлық, кросс-секторлық әрі өтпелі тәсілдерді қолдану жөніндегі іс-шаралар қамтылуы тиіс», - деп атап өтті Т. Жақсылықов.

Естеріңізге сала кетейік, ауыл шаруашылығы климаттың өзгеруінің салдарын ең бірінші болып тартады әрі бұл сала климат өзгеруінің негізгі себептерінің бірі. Бұл сектор химиялық тыңайтқыштар, пестицидтер және жануар қалдықтары арқылы парниктік газдардың жалпы шығарындыларының шамамен 30%-ын бөліп шығарады.


Смотрите больше интересных агроновостей Казахстана на нашем канале telegram, узнавайте о важных событиях в facebook и подписывайтесь на youtube канал и instagram.

Обсуждение

0 коментарии