Мәзір

Қазақстан ауыл шаруашылығынан түсетін табысты $6 млрд ұлғайта алады

19.12.2019
Қазақстан ауыл шаруашылығынан түсетін табысты $6 млрд ұлғайта алады

2019 жылдың он айында ауылшаруашылық тауарлардың экспорты 2,6 млрд долларды құрады, ал жалпы көлемінің үлесі бар болғаны 5,4%-ға жеткен. Яғни, ауылшаруашылығы сыртқы сауда қатынастарының дамуына айтарлықтай әсерін тигізбеуде. Десе де, Қазақстан аталмыш саладан түсетін кірісті кемінде 3 есе арттыра алады.

Қазақстан  толық көлемде пайдаланылмайтын үлкен ауылшаруашылық әлеуетіне ие — ел аумағының 80% – ы ауылшаруашылық жерлері ретінде сипатталады, алайда, бұл секторда тек 40% немесе 96 млн га жер ғана пайдаланылады. Ресурстардың төмен дәрежеде игерілуінің себептері, ең алдымен,  өнімділіктің және мемлекеттік қолдау құралдарының тиімділігінің  әлсіздігі, агроөнеркәсіп кешені ғылымының бизнестен алшақтығы, сондай-ақ, ауыл шаруашылығы тауарларын өткізу және сақтау жүйелерінің артта қалуы болып табылады. Дегенмен, энергия ресурстарына әлемдік бағалардың төмендеуі және мұнайдың жоғары құбылмалылығы жағдайында нақ осы ауыл шаруашылығы елдің экономикалық дамуының негізгі импульсіне айналуы мүмкін.

Қазақстан ауыл шаруашылығының қазіргі жағдайы бұл саланың ұлттық экономикаға төмен ықпалымен сипатталады. 2019 жылдың тоғыз айында ЖІӨ құрылымында ауыл, орман және балық шаруашылығы тек 4,3% немесе 1,9 трлн теңге көлеміне ие болды. Тұтастай алғанда соңғы он жылда саланың үлесі, сәйкесінше 6,2% және 6% көрсеткіштерімен 2009 және 2010 жылдары ғана аралықтың шекарасын еңсере отырып, 4,2% – дан 4,9% – ға дейін өзгеріп отырды. Бұл ретте 1990 жылдардың соңында көрсеткіш 8 – 9% құрап, анағұрлым жоғары деңгейде болғанын атап өткен жөн.

Қазақстанда агроөнеркәсіптік кешенді дамытуға үлкен көңіл бөлінуде. Үкіметтің негізгі міндеттерінің бірі ұлттық экономиканың негізгі драйверлерінің бірі ретінде АӨК-нің бәсекеге қабілеттілігін арттыру болып табылады. Осы мақсаттарды іске асыру үшін Қазақстанның тәуелсіздік жылдарында он бағдарламалық құжат әзірленді, соның негізінде АӨК саласындағы мемлекеттік саясат жүзеге асырылады:

  • 1991-1995 жылдарға және 2000 жылға дейінгі кезеңге арналған «Ауыл» әлеуметтік-экономикалық даму;
  • 1993-1995 жылдарға және 2000 жылға дейін ауылшаруашылық кешенін дамыту;
  • 2000-2002 жылдарға арналған ауыл шаруашылығы өндірісін дамыту;
  • 2003-2005 жылдарға арналған мемлекеттік аграрлық азық-түлік бағдарламасы;
  • 2004 — 2010 жылдарға арналған ауылдық аймақтарды дамыту;
  • 2006-2010 жылдарға арналған агроөнеркәсіптік кешенді тұрақты дамыту;
  • Агроөнеркәсіптік кешенді тұрақты дамытудың 2006-2010 жылдарға арналған тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі бірінші кезектегі шаралар;
  • 2010-2014 жылдарға арналған агроөнеркәсіптік кешенді дамыту;
  • «Агробизнес-2017» агроөнеркәсіптік кешенді дамыту;
  • 2017-2020 жылдарға арналған ҚР агроөнеркәсіптік кешенін дамыту тұжырымдамасы.

Статистика көрсеткендей, ауылшаруашылығы даму сатысында болғанымен, бұл үдеріс баяу әрі тұрақсыз жүруде

Үкімет АӨК проблемаларын дер кезінде шешу үшін қабылдап жатқан шаралар кешені қазірдің өзінде оң динамиканы көрсетіп отыр. Мәселен, соңғы бес жылда өнімнің жалпы шығарылымы 9% орташа жылдық серпінмен тұрақты өсімді көрсетті. Алайда, неғұрлым ұзақ динамикада, мысалы, 2010 жылдан бастап -12% – дан 49% – ға дейінгі аралықпен жылдық өсу қарқынының күрт өзгеруі байқалады, бұл саланың табиғи-климаттық жағдайларға тәуелділігіне байланысты. Мысалы, 2011 жылы жалпы өнім көлемі дәнді дақылдардың рекордтық жиналуына байланысты 49%-ға өсті, ,ал 2012 жылы көрсеткіш 12% – ға төмендеді.

Ағымдағы жылы он бір айдың қорытындысы бойынша жалпы өнім 4,9 трлн теңгеге жетіп, 2018 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 17% – ға артты. Өңірлік көшбасшы Алматы облысы болып табылады, өнім шығару көлемі 798,5 млрд теңгені құрады. Сонымен қатар, Солтүстік Қазақстан облысы (625,2 млрд теңге) және Түркістан облысы (591,1 млрд теңге) рекордтық көрсеткішке қол жеткізді.

Тамақ өнімдерін өндіру құрылымында негізгі үлесті астық өңдеу (22,3%), сүт (16,7%), нан-тоқаш (15%), ет өңдеу (13,6%), май(7,9%), жеміс-көкөніс (7,6%) салалары алады.

Өткізу нарығының шектеулілігі және әлсіз көлік-логистикалық инфрақұрылым елдегі өндірістік қуаттарды айтарлықтай тежейді. Алайда, осы бағытта жүргізілетін жүйелі жұмыс айтарлықтай нәтижелерге қол жеткізуге мүмкіндік берді. Соңғы он жылда Қазақстанның ауыл шаруашылығы өнімдерінің жыл сайынғы экспорты 1,6 млрд. АҚШ доллардан 2,7 млрд АҚШ долар аралығын құрап отырды. Ал 2018 жылы өндірушілер 3 млрд. АҚШ доллар көлеміне қол жеткізе алды (жылдық өсім 30,5% құрады).

Экспорттың оң серпіні басым нарықтарға, атап айтқанда, Иранға жеткізілімдердің 2 (экспорт көлемі-329 млн. АҚШ долл.), Еуропалық Одақ елдеріне 20,8% – ға (329 млн. АҚШ долл.), Қытайға 43,7% – ға (258 млн. АҚШ долл.), Түркияға 34,2% – ға (113 млн. АҚШ долл.), Парсы шығанағы елдеріне (Катар, Кувейт, БАӘ, Сауд Арабиясы, Оман, Бахрейн) 3,8 есе (3,6 млн. АҚШ долл.) өсуімен байланысты.

2019 жылдың тоғыз айында экспорт 2,6 млрд АҚШ долларын құрады, ал бұл жалпы көлемнің  бар-жоғы 5,4%-дық үлесін құрайды. Яғни ауыл шаруашылығы сыртқы сауда қатынастарының дамуына айтарлықтай ықпал етпей отыр. Мәселен, агроөнеркәсіптік әлеуеті жоғары елдерде ауыл шаруашылығы экспорты 4 млрд АҚШ долларынан асады. Мысалы, 2018 жылы Ресей 7 млрд АҚШ доллары, АҚШ, Қытай – 11,5 млрд  АҚШ доллары, Жапония – 6 млрд АҚШ доллары көлеміндегі өнімді экспорттады.

Десе де Қазақстан ауыл шаруашылығы өнімдері айналымы кірісін 2020 жылы 2,5 есеге арттыруды көздеп отыр. Өсім қарқынын жасымық, зығыр мен соя сынды тиімділігі жоғары дақылдарды шығару арқылы арттыруға болады. Осылайша 2018 жылы Қазақстан 33 мың тонна сояны, тоннасына 400 АҚШ доллары бағасында экспорттаса, бидай аталған сомадан екі есе арзанға экспортталытыны анықталған.

Ауыл шаруашылығы саласының дамуындағы келелі мәселелер: жергілікті және халықаралық трендтер

Ауыл шаруашылығы өнімдері мен олардың экспорты көлемі жыл сайын артқанымен, Қазақстанның агроөнеркәсіптік әлеуеті толығымен ашылмаған. Олардың дамуына бірқатар кедергілер себеп болуда:

Біріншіден, АШК дамуы қосымша капиталды тарту мүмкіндігін шектеуден артта қалып отыр. Мысалы шетелдік инвесторлар Қазақстанның ауыл шаруашылығы саласына қызығушылық танытпайтын болған. Соңғы төрт жылда ТШИ көлемінің күрт төмендегені байқалады. Бұл ретте жыл сайынғы төмендеу қарқыны – 45%-ды құрап отыр. Егер 2015 жылы ТШИ көлемі 71,5 млн АҚШ доллары көлемі деңгейінде болса, 2018 жылы бұл көрсеткіш – 11,2 млн АҚШ доллары мөлшерін құрады. Ал 2019 жылдың бірінші жарты жылдығында ТШИ көлемі 6,6 млн АҚШ долларын құраған.

 

Тағы бір ескеретін жайт, ТШИ әлемдік даму қарқынында бәсеңдеу байқалады: 2018 жылы жаһандық инвестициялық ағын  18,4%-ға, яғни 1,2 трлн АҚШ долларына азайған. Әлемдік инвестициялардың соңғы үш жылдағы жыл сайынғы азаюы – инвесторлардың түрлі елдердің экономикасына жаһандық тұрғыдағы сенімсіздігін білдіреді. Оның бірден бір себебі – алдағы жылдары болатын әлемдік экономикалық дағдарыс болуы мүмкін.

Екіншіден, ТШИ қарқынының төмендеуі өндірушілерге негізгі капиталға құйылатын инвестицияны өз қаражаты есебінен көбейтуге мәжбүр етеді. 2019 жылдың сегіз айында негізгі капиталға құйылған инвестиция көлемі 263,7 млрд теңгені құрады. Бұл 2018 жылдың дәл осындай кезеңімен салыстырғанда 50,1%-ға артық көрсеткіш. Бұл ретте қаржыландыру көзінің жеткіліксіздігі немесе несие берушінің шектен тыс талаптары, өндірушілерге кәсіпорынды өз қаражаты есебінен қаржыландыруға мәжбүрлейді. Нәтижесінде капитал жұмсалымының 78,3%-ы кәсіпорын капиталы есебінен құрылған. Ал қарыз қаражатының көлемі 16,6%-ды құраса, банктік қаржыландыру үлесі небары – 5,1%-ды құраған.

 

 

Үшіншіден, саланың сапалы түрде дамуына еңбек өнімділігінің төмендігі кедергі жасап отыр. Статистикаға сәйкес, ауыл шаруашылығындағы еңбек өнімділігі республика экономикасында ең төменгі көрсеткішті көрсетіп отыр – адам басына шаққанда бар-жоғы 5 мың АҚШ доллары. Мысалы Беларусьте бұл көрсеткіш – 33,5 мың АҚШ долларын құраса, Ресейде – 18,4 мың АҚШ долларын құрап отыр.

Төмен көрсеткіш көрсетудің басты себептерінің бірі – техникалық қамтамасыз етудің жеткіліксіздігі болып отыр. Осылайша, ауыл шаруашылығы көліктері мен құрылғыларының тозығы жету көрсеткіші 45%-ды құрап отыр, ал Қазақстандағы ауыл шаруашылығы жерінің 1 га-на 1 трактордан ғана келіп отыр. Аталған көрсеткіш бойынша АҚШ-та бір га-ға 27 трактордан келсе, Үндістанда – 16, Бразилияда – 11 трактордан келуде. Бұл ретте елдегі арнайы техниканың пайдалану беру мерзімі белгіленген 17 жылдан артық мерзімде пайдаланатындығын ескеру керек. Нәтижесінде техниканы жөндеу және жанар-жағармайға кеткен шығын көлемі орташа есеппен 20%-ға артады. Ал бұл өз кезегінде егін көлемінің азаюына әкеп соқтырады.

Төртіншіден, субсидияларды тиімсіз бөлу ісі де Қазақстанда ауыл шаруашылығының дамуына айтарлықтай кедергі келтіріп отыр. Қазақстанда ауыл шаруашылығы өндірушілеріне қаржылық қолдау көрсету тетіктерінің бірі шетелден сатып әкелінетін ірі қара малға субсидия беру болып табылады. Алайда аталмыш тәсіл шағын және орта шаруашылықтар үшін тиімсіз болып отыр. Себебі шетелдік кәсіпорындардағы мал бағасы тым қымбатқа шығуда.

Бесіншіден, елдегі ауыл шаруашылығы өнімдерінің 80%-ы қайта өңдеуден өтпей, тек шикізат күйінде ғана өндіріліп отыр. Бұған қоса салаға құйылатын негізгі капиталдың 90%-дан астамы маусымдық дақылдар (58,2%) мен мал шаруашылығына (32,3%) бағытталып отыр. Нәтижесінде Қазақстан жыл сайын 1,5 млрд АҚШ доллары көлемінде шығынға батып отыр.

Алтыншыдан, аграрлық саланың бәсекеге қабылеттілігіне тікелей әсер ететін, ауыл шаруашылығы өнімдерін сақтау және оларды өткізу мәселесі де маңызды роль атқаруда. Бүгінде ел аумағында 21 көлік-логистикалық орталық жұмыс жасауда. Алайда өндіріс көлемінің артуынан, аталған орталық пен оның қуаттылғы аз болып отыр.


Смотрите больше интересных агроновостей Казахстана на нашем канале telegram, узнавайте о важных событиях в facebook и подписывайтесь на youtube канал и instagram.

Обсуждение

0 коментарии