Мәзір

Қазақстан зығыр өндірісі бойынша әлемдік рейтингте бірінші орынға шықты

14.11.2019
Қазақстан зығыр өндірісі бойынша әлемдік рейтингте бірінші орынға шықты

Еліміз зығыр көлемін 930 мың тоннаға жеткізіп, Ресей мен Канаданы басып озды. Бұл туралы ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

Былтыр шаруалар зығырдан 72 миллион долларға дейін пайда түсірген. Оның жартысынан көп бөлігін (44 миллион доллардан астам) Бельгия мен Польша сатып алыпты. Мамандар алдағы уақытта зығыр өнімдерін  экспорттау тағы да ұлғаяды деп отыр. Өйткені, аталған өнімге енді Қытай Халық Республикасы да қызығушылық танытып отыр. Осыған орай, елімізден барлығы 25 қазақстандық кәсіпорын Қытай Республикасының Бас кеден басқармасының кәсіпорындар реестріне қосылған.

Айта кетейік, биыл Қазақстан Германия, Нидерланд, Италия секілді мемлекеттерге зығыр дақылын экспортқа шығарып, рекордтық көрсеткішке қол жеткізді.


Смотрите больше интересных агроновостей Казахстана на нашем канале telegram, узнавайте о важных событиях в facebook и подписывайтесь на youtube канал и instagram.

Обсуждение

0 коментарии