Мәзір

Қазақстанда ұн мен нан бағасы көтерілді

12.11.2019
Қазақстанда ұн мен нан бағасы көтерілді

Қараша айында елімізде жармалар мен ұн, нан мен жұмыртқа, сондай-ақ маусымдық көкөністер мен жемістер айтарлықтай қымбаттады.

Қазақстанда маусымдық көкөністер қымбаттады: қызанақ бағасы 12,8%, қияр — 11%, сарымсақ - 7,7% қымбаттады. Дегенмен, пияз, сәбіз және қырыққабат, керісінше, арзандаған.

Жемістер арасында дәстүрлі түрде "қысқы" жеміс — цитрустардың бағасы көтерілді (апельсиндер: бір айда +7,6%, лимондар: +1,3%) және банандар: +2,6% қазан айына.

Сондай-ақ, ұн өнімдері мен жармалар сегментінде бағаның айтарлықтай өскені байқалады: бірден 8,6% қарақұмық жармасы, 4% бірінші сұрыпты ұн, 2% жоғарғы сорттағы ұн, 1,9% тары, 1,5% және 1,2% арпа және ұнтақ жармасының бағасы өсті.

Ұннан кейін нан да қымбаттады: бірден 3,2% — бірінші сұрыпты бидай ұнынан, 2,1% — қара бидайдан, 1,4% жоғары сұрыпты бидай ұнынан жасалған нан.

Айта кетейік, қазан айының ортасында ауыл шаруашылығы министрлігінің басшысы Сапархан Омаров нан бағасының 80-82 теңге бағасын болжап, "сәл қымбаттауы" мүмкін екенін ескерткен еді.

Алайда, АШМ болжамына қарамастан, халық қолданысындағы тауарлар қымбаттады, оның ішінде нанға баға өсуде. Ақтөбеде 1-7 теңгеге, бір бөлке 87 теңгеге дейін, Атырауда — 20 теңгеге, бір бөлке 95 теңгеге дейін, Павлодарда — 20 теңгеге, буханка үшін 110 теңгеге дейін қымбаттады. Қымбаттаудың ең басты себебі - ұн бағасының өсуі.

Құс фермасы өнімдерінің ішінде бір айда жұмыртқаның (+3,1%) және тауықтың (+1,4%) бағасында айтарлықтай өсім байқалады. Сүт өнімдері сегментінде тікелей шикі (+3%) және пастерленген (+1,4%) сүт, сондай-ақ сары май (+2,5%) қымбаттады. Бір айда 2,2% сиыр еті, 1,3% және 1,2% сәйкесінше шошқа еті мен қой еті бағасы көтерілді.


Смотрите больше интересных агроновостей Казахстана на нашем канале telegram, узнавайте о важных событиях в facebook и подписывайтесь на youtube канал и instagram.

Обсуждение

0 коментарии