Мәзір

Қазақстандағы мал шаруашылығы саласының әлеуеті

29.11.2019
Қазақстандағы мал шаруашылығы саласының әлеуеті

Қазақстанның Орталық коммуникациялар қызметінде Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Құмар Ақсақаловпен баспасөз мәслихаты өтті.

СҚО әкімі мал шаруашылығы саласының әлеуеті жайлы сөз қозғады.

«Мал шаруашылығында үлкен мүмкіндіктер бар. Мысалы, сүт өндірісінде біз жоғары өнімді заманауи сүт фермаларына баса назар аудардық. Облыс бойынша осындай 17 ферма бар, алдағы жылы тағы да 10 ферма салуды жоспарлап отырмыз. Сүт кешендерінің жұмысынан сүт өндірісінің жылына 20 мың тоннаға ұлғаюын күтеміз».

Сондай-ақ Құмар Ақсақалов облыста атқарылған жұмыстар мен алдағы жылдарға арналған жоспарлар туралы айтып берді. 2020 жылы СҚО-да "Маслодел" брендінің сүт, қаймақ және қышқыл сүт өнімдерін өндіретін жаңа желі іске қосылады. Инвестиция сомасы - 4 млрд теңге. Нәтижесінде облыста жан басына шаққанда 1 тонна немесе жылына 550 мың тонна сүт өндіретін болады.

«Қазір ет өндіру тиімді. Бұл біздің қажеттілігімізден 3 есе көп. Менің ойымша, бұл жерде үлкен ауыл шаруашылығы өндірушілерінің барлық артықшылықтары пайдаланылмайды. Өсімдік шаруашылығын жүргізу кезінде тауарлық мал шаруашылығының міндетті болуын белгілей отырып, заңнаманы жетілдіру қажет. Мысалы, астық егетін аймақтарда 1 мың гектар егістік алқапқа - 100 бас ІҚМ ұстау міндеті».


Смотрите больше интересных агроновостей Казахстана на нашем канале telegram, узнавайте о важных событиях в facebook и подписывайтесь на youtube канал и instagram.

Обсуждение

0 коментарии