2024 жылы көрші елде егістіктің жалпы көлемі 300 мың гектарға ұлғайып, 84,5 миллион гектарға дейін жетеді, деп хабарлайды World of NAN.
Оның 20 миллион гектары - күздік егістік. Желтоқсан айында дақылдардың 96 пайызы жақсы және қанағаттанарлық жағдайда болды. Көктемгі егіске 56 миллион гектарға жуық жер бөлу жоспарланса, қалған алқаптар көпжылдық мал азықтық дақылдарға арналған. Қазіргі таңда шаруалар астық тұқымымен - 93 пайызға, соямен - 105 пайызға, рапспен - 70 пайызға қамтамасыз етілген.
2023 жылы нақты салмақта 5,3 миллион тонна тыңайтқыш сатып алынған, оларды қолдану гектарына 5 кг-ға жуық артыпты (65 кг-ға дейін). 2024 жылы бұл көрсеткіш 68 келіге, ал 2025 жылдың соңына қарай гектарына кемінде 70 келіге дейін артуы тиіс.
Смотрите больше интересных агроновостей Казахстана на нашем канале telegram, узнавайте о важных событиях в facebook и подписывайтесь на youtube канал и instagram.
Обсуждение