Мәзір

Ресей Қазақстанның экспорттық нарықтарында ұн сатуды арттырады

23.02.2024
Ресей Қазақстанның экспорттық нарықтарында ұн сатуды арттырады

Биылғы ауыл шаруашылығы жылында Ресей ұнды шетелге экспорттау бойынша жаңа рекорд орнатуы мүмкін. Бұл туралы World of NAN rosng.ru сайтына сілтеме жасай отырып хабарлайды.

Естеріңізге сала кетейік, өткен жылы көршілес мемлекет 830 мың тонна ұн экспорттап, рекордын жаңартқан еді. Бірінші жартыжылдықта 393 мың тонна ұн экспорттаған болатын. Ал биыл қазірдің өзінде 560 мыңнан астамы тонна ұн тиеліп, бүгінде ескі көлемнің көпшілігі жөнелтілді. Экспорттың дәл осындай динамикасы мен көрсеткіштерді ескере отырып, жаздың соңына қарай ол кемінде миллион тоннаға жетуі мүмкін деп болжауға болады.

Ресейлік ұнды ірі импорттаушылар Ауғанстан (160 мың тонна), Қытай (110 мың тонна) және Ирак болды. Сондай-ақ сатып алушы елдер арасында Беларусь, Грузия, Солтүстік Корея, Өзбекстан мен Түркіменстан бар.

Ресей бидайға жоғары экспорттық баж салығын қою мен Қазақстандағы егін жинау мәселесіне байланысты, экспортты ұлғайта алды. Көршілес ел ұн жеткізуді ұлғайтып, Қазақстанның дәстүрлі нарықтарын өзіне алуды жоспарлап отыр.


Смотрите больше интересных агроновостей Казахстана на нашем канале telegram, узнавайте о важных событиях в facebook и подписывайтесь на youtube канал и instagram.

Обсуждение

0 коментарии