Мәзір

Deere & Company басшылығы Eurasia Group AG сервис орталығында болып қайтты

30.09.2021
Deere & Company басшылығы Eurasia Group AG сервис орталығында болып қайтты

Шілде айында Көкшетауда John Deere техникасына қызмет көрсету бойынша әлемдегі ең ірі жаңа аутлет ашылды. Үлкен жоба іске қосылған сәтінен бастап өзіне назар аудартты. Сервис орталығының тұсаукесеріне Ел Президенті де келді. 29 қыркүйекте Eurasia Group AG сервис орталығы басқа да құрметті қонақтарды қабылдады: Deere & Company ауыл шаруашылығы техникасы бөлімшесінің президенті Марк фон Пентц мырза бастаған делегация. Сапар барысында қонақтар орталықтың жұмысымен танысып, мемлекеттік органдардың өкілдерімен ауыл шаруашылығын цифрландыру және автоматтандыру мәселелерін талқылады, деп хабарлайды World of NAN.

Deere & Company өкілдерінің келуі облыс үшін де, Қазақстанның барлық ауыл шаруашылығы саласы үшін де маңызды оқиға болды. Соңғы рет осындай жоғары деңгейдегі делегация Қазақстанға 10 жыл бұрын келген болатын.

Deere & Company делегациясының құрамында Қазақстанға Ауыл шаруашылығы техникасы бөлімшесінің президенті Марк фон Пентц мырза, Ауыл шаруашылығы техникасының сату және маркетинг бөлімшесінің Вице-президенті Алехандро Саяго мырза, John Deere Financial халықаралық саудалық қаржыландыру жөніндегі Директор Тимо Захариас Мырза, ТМД елдері бойынша Директор Алексей Кузнецов мырза және Орталық Азия елдері бойынша аумақтық менеджер Николай Орленко мырза келді.

Құрметті қонақтарды қарсы ала отырып, «Евразия Групп Казахстан» бас директоры Сергей Глокке қонақтарға компания, жаңа миссия, Қазақстан нарығында 20 жылдан астам жұмыс барысындағы жетістіктер туралы айтып берді.

«3,6 млн гектардан астам жер егіліп, 6,5 млн гектардан астам жер John Deere техникасымен жиналуда. Бұл өндірушінің ауыл шаруашылығын дамытудағы рөлі орасан зор – осы техниканың арқасында біз фермерлерге механикаландырудың, өнімділіктің және үнемдеудің жоғары деңгейін ұсына аламыз. John Deere тек ірі фермерлерге арналған деген стереотип бар. Бұл олай емес. Бізде John Deere әркімге қолжетімді екенін дәлелдейтін шешімдер бар», – деп атап өтті С. Глокке.

Еуразия Групп Қазақстан Бас директорының айтуынша, компания үшін басым бағыттардың бірі цифрландыру болып табылады. Жұмыс істеген жылдар ішінде компания 2,4 млн гектардан астам жерді цифрландырды. Бас директордың баяндамасынан кейінгі тұсаукесер John Deere-дің нақты ауылшаруашылық өнімдерінің барлық спектріне, сондай-ақ осы шешімдерді қолданатын фермер алатын экономика мен даму мүмкіндіктеріне арналды.

Жаңа сервис орталығы Ауыл шаруашылығы техникасын жеткізу және сатудан кейінгі қызмет көрсету бойынша қызметтер көрсетеді, Ауыл шаруашылығын цифрландыруды енгізеді және дамытады. Сапар аясында қонақтар Eurasia Group AG сервис орталығының жұмысымен танысып, ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеевпен, Ақмола облысының әкімі Ермек Маржықпаевпен кездесті. Делегацияны сондай-ақ АҚШ елшілігінің өкілдері мен Ақмола облысындағы John Deere стратегиялық клиенттері қарсы алды.

Шетелдік қонақтар, министр және облыс әкімі үшін ғимарат бойынша экскурсия өткізілді. Нақты уақыт режимінде егістіктердегі машиналардың жұмысы мен ағымдағы жағдайын көруге болатын агроменеджмент және цифрландыру орталығы ерекше қызығушылық тудырды.

Мемлекеттік органдар өкілдерінің, Deere & Company делегациясының және Eurasia Group AG басшылығының бірлескен кездесуінде ауыл шаруашылығын цифрландыру және автоматтандыру, саланы дамыту үшін жаңа технологияларды қолдану мәселелері, сондай-ақ аграрлық қызметкерлер мен жас мамандарға арналған білім беру бағдарламалары талқыланды.

Бағдарламаны іс-шараның ең жас қонақтары - John Deere & Eurasia Junior Club балалары аяқтады, олар ауыл шаруашылығы туралы ағылшын тілінде өлеңдер оқып, қатысушыларға «Біз әлемді тамақтандырамыз» тақырыбында өз қолымен салынған суреттерін сыйлады.


Смотрите больше интересных агроновостей Казахстана на нашем канале telegram, узнавайте о важных событиях в facebook и подписывайтесь на youtube канал и instagram.

Обсуждение

0 коментарии