Мәзір

Дипломмен ауылға: 2024 жылдан бастап бюджеттік несиенің көлемі өседі

05.12.2023
Дипломмен ауылға: 2024 жылдан бастап бюджеттік несиенің көлемі өседі

Келер жылдан бастап облыс орталықтарына келетін мамандар үшін бюджеттік несие 2500 АЕК немесе (9,2 млн теңге), ауылдық елді мекендер үшін 2000 АЕК 7,3 млн теңгеге дейін өседі. Бұл туралы World of NAN порталы Ұлттық Экономика министрлігіне сілтеме жасай отырып хабарлайды.

Ауылдық жерлерде кадр әлеуетін арттыру мақсатында ведомство «Дипломмен ауылға» жобасын жүзеге асырып келеді. Бағдарламаға денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт, агроөнеркәсіптік кешен, ауыл, ауылдық округ әкімдіктерінің мемлекеттік қызметкері санатына жататын мамандар қатыса алады.

Бюджеттік тұрғын үй несиесі несие сомасының жылдық 0,01% сыйақы мөлшерлемесімен 15 жылға беріледі. Сондай-ақ 100 АЕК (345 мың теңге) мөлшерінде бір реттік жәрдемақы төлеу қарастырылған. 2023 жылы 3,6 мың маманға тұрғын үй сатып алу үшін 18,6 млрд теңге бөлінді. Жобаның операторы болып «Отбасы банкі» тағайындалған еді.


Смотрите больше интересных агроновостей Казахстана на нашем канале telegram, узнавайте о важных событиях в facebook и подписывайтесь на youtube канал и instagram.

Обсуждение

0 коментарии