«Қазгидромет» әр түрлі дақылдардың өсу жағдайына баға бере отырып, маусымның бірінші онкүндігіндегі Қазақстан аймақтарына агрометеорологиялық шолу жасады.
«Маусым айының бірінші онкүндігінде күздік бидай өсетін аудандарда ауа температурасы жоғары болғанда және ауа температурасы нормадан төмен болған кезде дақылдар бір фазадан екінші кезеңге бір қалыпты ауысуы қиын болады. Бұл ұсақ дәндердің пайда болуына әкеліп соғады, соған байланысты күздік бидайдың өнімділігі төмендеуі де мүмкін», - деп хабарлады Қазгидромет.
Аталған шолу барысында Алматы облысындағы күздік бидайдың жағдайы негізінен жақсы екендігі, Аққайнар алқаптарындағы дақылдар қанағаттанарлық жағдайда екендігі анықталды, алайда арамшөптер көп болған жерлерде өсімдіктердің өсуінің тежелуі байқалатындығы айтылды. Онкүндіктің соңында, Қырғызсай метеостанциясы маңында күздік бидайды суару басталды.
Жамбыл облысында, синоптиктердің болжауынша, күздік бидай дақылдарының өсу қарқы жақсы. Бидай гүл атып, «пісіп жетілу» кезеңінде, Сарыкемір агрометеорологиялық бекетінің айналасындағы егіндіктегі астықтың жақсы піскендігі байқалады. Сондай-ақ барлық жерлерде арамшөптер өсуде.
Түркістан облысында бірінші онкүндікте күздік бидайдың жаңадан пісуі байқалады, Тасарық метеостанциясының маңында гүлдей бастаған. Астықтың өсу бірқалыпты, Екпенді маңындағы аудандарда астықтың шығуы қанағаттанарлық күйде.
Осылайша синоптиктер жаздық дәнді дақылдардың жай-күйіне талдау жасады.
«Осы онкүндік аралығында Батыс Қазақстан мен Шығыс Қазақстан облыстарынан басқа жерлерде, қысқа мерзімді жауын-шашын жауып, бүкіл Қазақстан бойынша ауа райы ыстық болды. Мұндай метеорологиялық жағдайлар көбінесе жаздық дақылдардың өсуі мен дамуы үшін қолайсыз болды, арамшөптердің пайда болуына ықпал етеді және барлық жерде гербицидтермен емдеу жұмыстары басталады», - деп атап өтті Қазгидромет.
Ақмола облысында шолу жасалған аудандарда жаздық бидайдың өсуі жақсы және Жалтыр, Егіндікөл станциялары маңында, Зеренді метеостанциясының айналасындағы кейбір жерлерде қанағаттанарлық. Көктемде себілген арпаның өсуі бірқалыпты. Аршалы метеостанциясының маңында сұлы дақылдары суғарылды, бидай жақсы өсуде.
Қостанай облысында жаздық бидайдың өсу қарқыны жақсы, Кең-Арал және Раздольное маңында - қанағаттанарлық. Көктемгі арпаның өсу жағдайы барлық жерде жақсы және тамаша деп бағалауға болады.
Солтүстік Қазақстан облысындағы шолу жасалған аудандарда жаздық бидайдың өсуі жағдайы жақсы және көшеттер жайқалып өсуде. Көктемгі егілген арпаның өсу деңгейі қанағаттанарлық, егістік жұмыстары алғашқы онкүндігінде істелді.
Павлодар облысындағы зерттелген учаскелерде жаздық бидай дақылдарының өсуі жақсы және қанағаттанарлық, ал Тереңкөл ауданындағы Федоровскаяда нашарлау шығуда. Көктемде егілген арпа өніп келеді, Ертіс ауданындағы Голубовка метеостанциясының айналасында дақылдар түтікше болып шығып келеді.
Қарағанды облысында бақыланған жерлерде жаздық бидайдың өсу жағдайы жақсы, көшеттерде жапырақ пайда бола бастаған. Бұқар жырау ауданында (Қарағанды ауылшаруашылық қоғамдастығы) және Нұра ауданында (Киевка метеостанциясы) арпаны егу жағдайы жақсы, биіктігі 15 см жеткен.
Шығыс Қазақстан облысында шолу жасалған аудандарда жаздық бидай дақылдары өсіп-өну кезеңінде, ал ерте пісетін дақылдарда сабақтары шыға бастаған.
Батыс Қазақстан облысында жаздық бидайдың өсу қарқыны жақсы, Теректі ауданындағы Федоровка маңындағы кейбір аудандарда қанағаттанарлық. Дақылдар барынша өніп келеді.
Ақтөбе облысында жаздық бидайдың шығуы жақсы және қанағаттанарлық. Көктемгі арпаның өсу жағдайы жалпы қанағаттанарлық, кейбір аудандарда жақсы.
Алматы облысының шолу жасалған аудандарында жаздық бидайдың өсу деңгейі жақсы. Көшеттерде түйін пайда болуы байқалды. Көктемгі арпаның жетілу кезеңі жақсы.
Жамбыл облысында, бақыланған жерлерде көктемгі арпаның шығуы жақсы, бидай сабақтары пайда болған.
Түркістан облысында көктемгі арпаның өсіп жетілу қарқыны жақсы, сонымен қатар төменгі сабақтарында түйін пайда болған.
Жылуды жақсы көретін дақылдардың (жүгері, күріш, мақта, қант қызылшасы, соя) өсіп жетілуі де жақсы өтуде, жүгерінің араларын қопсыту жұмыстары жасалуда, суару және тыңайтқыштар беру жүргізілуде, күріш пен қызылша, мақта суарылып жатыр. Егісте арамшөптердің пайда болуы байқалады.
Батыс Қазақстан облысында сафлордың шығысы жақсы, қанағаттанарлық. Шыңғырлау метеостанциясының айналасында барлық жерде арамшөптер кездеседі. Ақтөбе облысының Қобда ауданында мақсарының биіктігі 16 см жетеді, өсімдіктердің өсу жағдайы қанағаттанарлық.
Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан және Павлодар облыстарында күнбағыстың өсу қарқыны жақсы. Аграршылар қатарларды қопсытып, егін егіп, арамшөптермен гербицидтермен емдеуді бастаған.
Солтүстік Қазақстан (Благовещенка, Налобино) және Қостанай ( Михайловка, Қарабалық) облыстарында майлы және ұзын зығырдың өсу деңгейі бірқалыпты, жақсы. Благовещенка метеостанциясының айналасындағы дақылдардағы арамшөптерді гербицидтермен емдей бастаған.
Солтүстік Қазақстан облысының Аққайың ауданы мен Қызылжар ауданында көктемгі расптың шығуы жақсы. Аграршылар арамшөптерден сақтау үшін, рапсты гербицидтермен емдеу жұмыстары басталған.
Алматы, Қарағанды, Солтүстік Қазақстан және Қостанай облыстарында бақыланған картоп учаскелерінде өсінділер пайда болған, ал Қарағанды облысының Нұра ауданындағы дақылдар гүлдей бастаған. Аграршылар картопты түптеп, суара бастаған, көкөністердің шығу қарқыны жақсы.
Еліміздің оңтүстігінде және оңтүстік-шығысында жемістер (алма, шие, алмұрт, таңқурай) бар бақтарда жемістердің пайда болуы байқалады, таңқурай – гүлдей бастады. Бау бақша дақылдарының өсуі жақсы. Алматыдағы Каменское үстіртінің метеостанциясының маңындағы таңқурайдың шығуы қанағаттанарлық.
Республиканың оңтүстік аймақтарында көпжылдық шөптердің (жоңышқа, арпа) гүлдеуі барлық жерлерде байқалады, кейбір аудандарда алғашқы шабындықтан соң да өсуде. Малға арналған шөптердің өсуі қанағаттанарлық, шөптің биіктігі бір метрге жетеді.
Батыс Қазақстан облысының Теректі ауданында (Анката АМП) шолу жасалған жерлерде беде шөптерінің шығуы жақсы, өсімдіктердің гүлдеуі байқалады.
Қостанай және Қарағанды облыстарында мал азығына арналған шөптердің өсу қарқыны жақсы. Павлодар облысында бидайдың шығу деңгейі жалпы қанағаттанарлық, Андриановка маңында, Федоровская мен Лозованың метеостанциялары жанындағы шөп жайылымында өсу нашар.
Ақпарат көзі: kazhydromet.kz
Смотрите больше интересных агроновостей Казахстана на нашем канале telegram, узнавайте о важных событиях в facebook и подписывайтесь на youtube канал и instagram.
Обсуждение