Мәзір

Солтүстік Қазақстан облысының әкімі егін жинау кезеңінің қорытындысын шығарды

28.11.2019
Солтүстік Қазақстан облысының әкімі егін жинау кезеңінің қорытындысын шығарды

Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Құмар Ақсақалов астық жинау кезеңінің қорытындысын шығарды.

Аталған облыста ауыл шаруашылығы, тамақ және қайта өңдеу өнеркәсібі қызметкерлерінің күні аталып өтті.

Облыс әкімінің айтуынша, ауа райының күрделі жағдайына қарамастан астық жинау кезеңі сәтті өтті.

"Ауа райының күрделі жағдайына қарамастан, біз жақсы өнім ала алдық. Әр гектардан 18 центнер астық жиналды. Бұл механизаторлардың, тракторшылардың, комбайнерлердің, агрономдардың, инженерлердің күнделікті тынымсыз жұмысының нәтижесі. Олар күн сайын еліміздің азық – түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында жұмысқа шығады", - деді облыс әкімі.

Биыл солтүстікқазақстандықтар 5,1 млн тоннадан астам астық жинады. Баспасөз қызметі атап өткендей, өңдеу кәсіпорындарының саны жыл сайын артып келеді. Биыл цифрленген 3 сүт фермасы салынды. Жақын арада тағы 10 ферма тұрғызу жоспарланып отыр.

Өңір агросекторға инвестиция тарту бойынша көшбасшы болып табылады. Ірі жобалардың бірі - "Kazmeal" ЖШС құрама жем өндіретін роботтандырылған зауыт. Жобаға 4 млрд теңгеден астам қаржы салынды, оның жартысы – шетелдік серіктестердің қаражаты.

Кәсіби мерекеге орай агроөнеркәсіп кешені саласының 60-тан астам қызметкері марапатқа ие болды.


Смотрите больше интересных агроновостей Казахстана на нашем канале telegram, узнавайте о важных событиях в facebook и подписывайтесь на youtube канал и instagram.

Обсуждение

0 коментарии