Мәзір

Агроөнеркәсіптік кешенді дамытуға арналған ұлттық жобаны әзірлеу үшін жұмыс тобы құрылды

02.09.2020
Агроөнеркәсіптік кешенді дамытуға арналған ұлттық жобаны әзірлеу үшін жұмыс тобы құрылды

Бүгін Үкімет отырысында ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаров Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауы аясындағы тапсырмаларын іске асыруға бағытталған шаралар жайында баяндады

Министрдің айтуынша, келесі «бесжылдыққа» АӨК дамыту бойынша ұлттық жобаны әзірлеу үшін ҚР АШМ жұмыс тобын құрды. Оның құрамына салалық қауымдастықтар мен фермерлерлік одақтардың басшылары, ауыл шаруашылығын дамыту саласындағы халықаралық сарапшылар, «Атамекен» ҰКП, бизнес және аграрлық ғылым өкілдері кірді.

АӨК дамытудың жаңа бағдарламасының тұжырымдамасында ішкі нарықты отандық азық-түлікпен толықтыру, ауыл халқының табысы мен еңбек өнімділігін 2,5 есе арттыру, АӨК өнімдерінің экспортын 2 есе ұлғайту сияқты бірінші дәрежелі міндеттерді шешу тетіктері қамтылатын болады.

Сондай-ақ, қаржының, жер ресурстарының қолжетімділігін арттыру, аграрлық ғылымды дамыту, саланы цифрландыру, ветеринариялық және фитосанитариялық қауіпсіздік мәселелері пысықталатын болады.

Өңдеуші кәсіпорындардың қуаттылығын арттыру үшін зәкірлік кооперацияны дамыту шаралар қолға алынады. Бұл кооперация арқылы жеке қосалқы шаруашылық пен шағын фермерлердің әлеуетін тамақ және жеңіл өнеркәсіптік кәсіпорындардың қажеттіліктерімен байланыстыруға мүмкіндік береді.

«Кооперацияның «күш – бірлікте» деген қағидаты ұсақ тауарлы өндірістің бәсекелестік әлеуетін арттыруға мүмкіндік береді. Осылайша, ірі инвестициялық жобалардың айналасында ауыл шаруашылығы шикізатын өндіру және қайта өңдеу бойынша экожүйелер құрылады», - деді Сапархан Омаров.

Ақпарат көзі: www.gov.kz/memleket/entities/moa


Смотрите больше интересных агроновостей Казахстана на нашем канале telegram, узнавайте о важных событиях в facebook и подписывайтесь на youtube канал и instagram.

Обсуждение

0 коментарии