Аграрлық несие корпорациясы 2024 жылғы вегетациялық кезеңде топырақтағы (жаңбыр) артық ылғалдан дақылдарды сақтандыру шартын жасасуға өтінім қабылдау басталды. Бұл жөнінде World of NAN корпорацияның баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып хабарлайды.
Бұл сақтандыру дәнді және майлы дақылдарды жинау кезеңінде топырақтағы артық ылғалдан болатын тәуекелді қамтиды.
Биыл топырақтағы артық ылғал индексіне қатысты сақтандыру тарифі мен сақтандыру төлемінің мөлшеріне өзгерістер енгізілді. Сондай-ақ сақтандыру кезеңдері қарастырылған.
Өнім бойынша сақтандыру тарифі сақтандыру сомасының 3%-ын құрайды.
Бірінші кезең бойынша сақтандыру кезеңі 15-тамыздан 14-қыркүйекке дейін, екінші кезең 2024 жылдың 15 қыркүйегінен 14-қазанына дейін созылады.
Әр кезең бойынша сақтандыру төлемі сақтандыру сомасының 10,5%-ын, ең жоғары сақтандыру төлемі сақтандыру сомасының 21%-ын құрайды.
Дақылдарды топырақтың артық ылғалдылығынан (2 кезең) сақтандыру үшін өтінімдер биыл 30 маусымға дейін қабылданады.
Сақтандыру өтінімін Kezekte.kz платформасындағы agroinsurance ақпараттық онлайн сақтандыру жүйесі арқылы беру керек.
Онлайн сақтандыру жүйесінің жеке кабинетінде фермер өз егіс алқабын көрсетіп, сақтандыру компаниясын анықтауы тиіс. Сақтандыру шартын жасасып, сақтандыру сомасының 20% мөлшерінде сақтандыру сыйақысының бір бөлігін төлеуі қажет. Ал сақтандыру сыйақысы сомасының қалған 80%-ын оператор сақтандырушының өтінімі бойынша субсидия ретінде төлейтін болады.
Смотрите больше интересных агроновостей Казахстана на нашем канале telegram, узнавайте о важных событиях в facebook и подписывайтесь на youtube канал и instagram.
Обсуждение