Мәзір

Ауылдардың өмір сүру сапасын арттыру бойынша марафон басталуда

01.10.2021
Ауылдардың өмір сүру сапасын арттыру бойынша марафон  басталуда

Отандық ауыл шаруашылығы өнімдерінің бәсекеге қабілеттілігін арттыру, халық қолөнерінің элементтерін сақтау және көрсету, ауылдарды тұрақты дамыту мақсатында Қазақстанда «Ауылдың гүлденуі – Қазақстанның гүлденуі» акциясы басталды, деп хабарлайды ҚР АШМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап World of NAN.

Бүгін, 1 қазан күні басталған акция ауылдық жерлерде тұратын азаматтардың өмір сүру сапасы мен әл-ауқатын жақсартуға бағытталған. Іс-шара шеңберінде отандық өндірушілердің ауыл шаруашылығы өнімдері саласындағы жетістіктерінің көрмелерін ұйымдастыру, деректі фильмдер шығару, еңбеккерлердің, Еңбек ерлерінің, ғалымдардың, аудандардың құрметті азаматтарының қатысуымен ауыл өмірі туралы мақала жариялау жоспарлануда.

Жергілікті атқарушы органдар өткізетін іс-шаралар ауыл шаруашылығы тауарларын ішкі және сыртқы нарықтарға жылжытуға, азаматтарды ауыл шаруашылығы саласында қол жеткізілген табыстармен таныстыруға, қазақстандық мемлекеттілікті сақтауға және нығайтуға, Қазақстан азаматтарының бірлік және патриотизм сезімін күшейтуге бағытталатын болады.

Іс-шаралар эпидемиологиялық жағдайды ескере отырып, 2021 жылғы 1-31 қазан аралығында қалаларда, аудандар мен ауылдарда өткізілетін болады.


Смотрите больше интересных агроновостей Казахстана на нашем канале telegram, узнавайте о важных событиях в facebook и подписывайтесь на youtube канал и instagram.

Обсуждение

0 коментарии