Тиісті жобаны Ауыл шаруашылығы министрлігі «Ашық НҚА» порталында жариялады, деп хабарлайды World of NAN.
Естеріңізге сала кетейік, өткен жылы балық шаруашылығының саны екі есеге – 502 бірлікке, өсірілетін балық көлемі 17 мың тоннаға дейін өскен. Сонымен қатар еліміздің табиғи су қоймаларынан жылына 45-50 мың тоннаға жуық балық ауланады.
Бұл ретте ел балық пен өңделген өнімдердің 53%-ға жуығын импорттайды. Яғни, балық шаруашылығының ішкі нарықтағы келешегі зор. Сондай-ақ, мамандардың бағалауынша, 270 мың тонна тауарлы өнім шығару мүмкіндігі зор.
Жалпы алғанда, кейінгі жылдары балық шаруашылығына мемлекет тарапынан жақсы қолдау көрсетіліп келеді. Мәселен өңдеуге бағытталған бизнес-жобалар үшін салықтар 70%-ға төмендетілген. Балық өсіру материалы, дәрі-дәрмек құнының 50%-ы, жемнің құнының 30%-ы көлемінде субсидиялар қарастырылған. Ал 2022 жылдың маусымынан бастап акваөсіру үшін техника мен құрал-жабдықтарды сатып алуға жұмсалған инвестициялық шығындардың 25 пайызын өтеу қарастырылған.
Мемлекеттің өз даму жоспары мен жоспарлы көрсеткіштерін ескерер болсақ, балық өнімдерін қайта өңдеуге субсидиялауды енгізу келешегі зор бастама болуы мүмкін. 2030 жылға қарай балық өсіру көлемін жылына 270 мың тоннаға дейін, балық өнімдерін тұтынуды жылына 134 мың тоннаға дейін, ал балық ресурстарының табиғи популяциясын 7 пайызға арттыру жоспарланып отыр.
Смотрите больше интересных агроновостей Казахстана на нашем канале telegram, узнавайте о важных событиях в facebook и подписывайтесь на youtube канал и instagram.
Обсуждение