Мәзір

Мұндай қарқынмен Қазақстанда жайылымдық мал шаруашылығы қалмайды

10.07.2024
Мұндай қарқынмен Қазақстанда жайылымдық мал шаруашылығы қалмайды

Ғарыштық мониторинг деректеріне сәйкес, 2023 жылы Қазақстандағы жайылымдық жерлердің 87,2 пайызы нашар яки өте нашар жағдайда, не болмаса өсімдіктері мүлде болмаған. Бұл жөнінде World of NAN порталы Energyprom.kz сайтына сілтеме жасай отырып хабарлайды.

Жалпы алғанда, 80,8 миллион гектардың 70,5 миллион гектарын тозығы жеткен жайылымдар құрады. Қанағаттанарлық жағдайдағы жайылымдардың үлесі – 10,2%, жақсы жағдайдағысы – 2,1%, өте жақсы жағдайда – 0,5%.

Өткен жылы 17 облыстың 15-інде өсімдіктері жоқ немесе жағдайы нашар яки өте нашар жайылымдардың үлесі 80%-дан, ал 10-ында 90%-дан жоғары болды. Ең қиын жағдай Маңғыстау облысында, мұндай нашар жайылымдар ауыл шаруашылығы жерлерінің 99,4 пайызын құрайды.

Ең нашар көрсеткішке ие аутсайдерлердің бестігіне сондай-ақ Атырау (98,1%), Ұлытау (97,4%), Жамбыл (95,7%) және Түркістан (93,6%) облыстары енді. Ең шүйгін жайылымдар Қостанай және Шығыс Қазақстан облыстарында болды. Мұнда теріс көрсеткіштер басқа аумақтармен салыстырғанда төмен – тиісінше 57,4% және 72,2%.

Болжам бойынша, 2030 жылға қарай елдің жайылымдық өткізу қабілеті 10 пайызға төмендейді.


Смотрите больше интересных агроновостей Казахстана на нашем канале telegram, узнавайте о важных событиях в facebook и подписывайтесь на youtube канал и instagram.

Обсуждение

0 коментарии