Мәзір

Суармалы судың тарифтері көтеріледі

21.12.2023
Суармалы судың тарифтері көтеріледі

Қазақстан Республикасының Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов ведомствоның суармалы суға тарифтерді көтеру жоспары туралы айтты. Бұл туралы World of NAN порталы inform.kz сайтына сілтеме жасай отырып хабарлайды.

«2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап орташа алынған тариф текше метрге 1 теңгеге өседі. Бұл жұмысшылардың жалақысын 25%-ға арттырады, орташа жалақы 211 мың теңгені құрайды», - деді министр.

Сонымен қатар, бес жыл ішінде ирригациялық жүйелерді жөндеуге және қайта жаңғыртуға қосымша 100 миллиард теңге инвестиция тартылады.

«Жалпы, бұл шара ауыл шаруашылығы өнімдерінің құнына теріс әсер етпеуі керек, өйткені Ауыл шаруашылығы министрлігінде суармалы суды 50-ден 85 пайызға дейін субсидиялау бағдарламасы бар. Мемлекет шаруаларға суару суын субсидиялайды. Диқандар ылғал үнемдейтін технологияларды пайдаланса, соған сәйкес субсидия да артады», – деп түйіндеді сөзін Нұржан Нұржігітов.


Смотрите больше интересных агроновостей Казахстана на нашем канале telegram, узнавайте о важных событиях в facebook и подписывайтесь на youtube канал и instagram.

Обсуждение

0 коментарии