Мәзір

Агроөнеркәсіптік кешенде тұрақты өсім сақталуда, деп мәлімдеді С.Омаров Үкімет отырысында

12.01.2021
Агроөнеркәсіптік кешенде тұрақты өсім сақталуда, деп мәлімдеді С.Омаров Үкімет отырысында

Бүгін ҚР Премьер-Министрі А.Маминнің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында еліміздің әлеуметтік-экономикалық даму және 2020 жылға арналған республикалық бюджеттің атқарылу қорытындысы қаралды. Онда баяндама жасаған ҚР Ауыл шаруашылығы министрі С.Омаров агроөнеркәсіптік кешенді дамытудың 2020 жылғы негізгі нәтижелері жайлы айта отырып, аталмыш салада  тұрақты өсім сақталып отырғанын мәлімдеді, – деп хабарлайды World of NAN ауыл шаруашылығы министрінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

2020 жылы ауыл шаруашылығының жалпы өнімінің көлемі 5,6%-ға артып, 6,3 трлн. теңгені құраған. Негізгі өсім – өсімдік шаруашылығындағы өндіріс көлемінің 7,8%-ға, яғни 3,6 трлн. теңгеге дейін ұлғаюымен байланысты.

Еліміздің 5 облысында: Қостанай (шамамен 121%), Ақмола (шамамен 113%), Павлодар (107,5%), Ақтөбе (106,7%) және Қарағандыда (105,7%) ең жоғары көрсеткіштерге қол жеткізілген.

Министрдің сөзінше, мал шаруашылығының жалпы өнімінің көлемі 3%-ға артып, 2,6 трлн. теңгені құраған. Бұл ретте тірі салмақта ет өндіру көлемі 4,1%-ға, сүт өндіру көлемі 3,2%-ға өскен.

Шикізатты қайта өңдеу саласы да оң нәтижелер көрсеткен. Мәселен, азық-түлік өнімдерінің өндірісі 2020 жылдың 12 айында 4%-ға өсіп, 1,9 трлн. теңгені құрапты.

Баяндамада көрсетілгендей, сары май 26,5%-ға, өңделген күріш – 20,1%-ға, шұжық өнімдері – 8,2%-ға, макарон өнімдері – 6,3%-ға, өңделген сүт – 4,9%-ға, сүт өнімдері – 4,8%-ға, ірімшік және сүзбе – 4,5%-ға, ұн – 1,6%-ға артық өндіріле басталған.

Салаға тартылған инвестицялар көлемі де өскен. 2020 жылдың 12 айында ауыл шаруашылығының негізгі капиталына инвестициялар 15%-ға ұлғайып, 573,2 млрд. теңгені құрады, деп атап өтті С.Омаров. Сонымен қатар азық-түлік өнімдері өндірісінің негізгі капиталына инвестициялар 13,5%-ға артып, 104 млрд теңгеге жеткен екен.

«АӨК көрсеткіштерінің тұрақты өсуі негізінен фермерлердің үйлесімді жұмысының және Үкіметтің Covid-19 пандемиясы жағдайында егіс жұмыстарын жүргізу үшін ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілердің кедергісіз қозғалысын, жанар-жағармай, қосалқы бөлшектер, тұқымдар, тыңайтқыштар мен өсімдіктерді қорғау құралдарын жедел жеткізуді қамтыған жұмыс алгоритмін уақытылы қабылдауының арқасында қамтамасыз етілді. Нәтижесінде егіс сапалы және оңтайлы аграрлық мерзімде жүргізілді», – деп атап өтті С.Омаров.


Смотрите больше интересных агроновостей Казахстана на нашем канале telegram, узнавайте о важных событиях в facebook и подписывайтесь на youtube канал и instagram.

Обсуждение

0 коментарии