Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бүгін Қазақстан халқына жолдауын жасады. World of NAN редакциясы мемлекеттің аграрлық саладағы алдағы саясатын көрсететін маңызды тезистерді жинақтады.
Өңдеуге баса назар аудару
Президент отандық өңдеушілерге жағдай жасау туралы тағы да мәлімдеді.
«Өнімді жоғары деңгейде өңдеуге көшуіміз керек. Онсыз болмайды. Біз алдағы үш жыл ішінде агроөнеркәсіптегі өңделген өнім үлесін 70 пайызға жеткізуіміз керек», - деді президент.
Ал бұл диқандар күнбағысқа экспорттық баж салығын алып тастауды ұмытуы керек деген сөз. Сонымен қатар, шикізат экспортына жаңа шектеулер енгізілуі мүмкін.
Салық жүйесіндегі өзгерістер
«Жұртты өнім өндіруге ынталандыру керек. Ол үшін салық саясатын қайта қарау керек. Бұл салада ірі компаниялар көбірек болса, нақты серпіліс жасауға болады. Біз экспортты ұлғайта отырып, ішкі нарықты да ұстап отыруымыз керек. Сондықтан елімізге сапалы өнімді қажетті көлемде тұрақты ұсына алатын компаниялар керек», - деді президент.
Ол салық жүйесінде нақты қандай өзгерістерді қалайтынын айтқан жоқ. Дегенмен ішкі нарықты қорғау және экспортты дамыту мақсаттарын алға қойды.
Тағы да ауыл шаруашылығы кооперативтері
Мемлекет басшысы жеке қосалқы шаруашылықтарды біріктіру жұмыстарын жалғастыруды тапсырды.
Ауыл шаруашылығы техникасын жаңарту
«Машина-трактор паркінің әбден ескіріп, тозуы - күрделі мәселеге айналды. Қазір ауыл шаруашылығы техникасының сескен пайызы тозып тұр. Сондықтан жыл сайын оның 8-10 пайызын жаңартып отыру қажет. Бұл ретте еліміздегі техника өндірушілері мен шаруалардың да мүддесін ескерген абзал», - деді президент.
Шетелден әкелінетін ауыл шаруашылық техникасын субсидиялауды қысқарта отырып, мемлекет мұны қалай жүзеге асырмақ болып отырғаны әзірге түсініксіз.
Агро ғылымды дамыту
«Сондай-ақ, шетелдің танымал агро-ғылыми орталықтарымен толыққанды ғылыми-тәжірибелік ынтымақтастық орнату керек. Біз жеке ғылыми технологиялық бастамаларды қолдаймыз. Білім беру бағдарламаларын ауыл шаруашылығы талаптарына бейімдейміз», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Сондай-ақ Ұлттық аграрлық ғылыми-білім беру орталығын қайта құрып, жүйелеуді тапсырды.
Ауыл шаруашылығында тағы да реформалар
«Ауыл шаруашылығындағы маңызды реформаның уақыты келді. Егін түрлерін көбейтуіміз керек. Пайдалы дақылдарды еккен де дұрыс. Суды көп қажет ететін алқаптарды бірте-бірте қысқартып, бір ғана егін егуді шектеу керек. Шаруаларды жергілікті тұқыммен қамтамасыз ету маңызды», - деді Тоқаев.
Сондай-ақ жаңа сұрыптар шығарып, оны өсіру мәселесін шешуді тапсырды.
Су ресурстары министрлігі
Суға қатысты туындаған қиын жағдайға байланысты президент жаңа министрлік құруды тапсырды. Сондай-ақ, 40 пайыз көлемге дейінгі су ысырабын жою бойынша шешуші шаралар қабылдауды тапсырды.
Смотрите больше интересных агроновостей Казахстана на нашем канале telegram, узнавайте о важных событиях в facebook и подписывайтесь на youtube канал и instagram.
Обсуждение