Мәзір

Қытайда қазақстандық ауылшаруашылық өнімдеріне арналған Сауда орталығы ашылады

28.05.2024
Қытайда қазақстандық ауылшаруашылық өнімдеріне арналған Сауда орталығы ашылады

2024 жылдың наурызында Қазақстан мен Қытай «Орталық Азия – Цзянсу» көпфункционалды орталығын құру туралы келісімге келді. Бұл жөнінде World of NAN сауда министрлігіне сілтеме жасай отырып хабарлайды.

Тараптар Қытайдың Цзянсу провинциясында сауда орталығын салу жобасын жүзеге асыруға келісті. Сауда алаңында қазақстандық өнімдер, ал болашақта Орталық Азия елдерінің тауарлары сатылымға шығарылады.

Сауда павильонының аумағы 2 мың шаршы метрді құрайды, оның басым бөлігі қазақстандық тауарлар көрмесіне арналған.

Жобаны әзірлеушілердің айтуынша, сауда кешенінің бірінші қабатында қытайлық келушілер үшін Қазақстанның мәдениеті мен ерекшеліктері туралы таныстыру алаңы орналасады. Екінші қабатта әртүрлі санаттағы отандық тауарларды көрсету ұсынылады. Оның ішінде ауыл шаруашылығы өнімдері, өнеркәсіп тауарлары және т.б. Қалған қабаттарда қазақстандық компаниялардың кеңселері орналасады.

«Біз қазақстандық бизнесті отандық тауарлардың экспорттық әлеуетін көрсету үшін Орталық Азия – Цзянсу алаңында өз өнімдерін белсенді түрде көрсетуге шақырамыз. Бұл ретте Қытай тарапы QazTrade компаниясына қазақстандық өнімді квота бойынша орналастыруға айрықша құқық береді», - деді Арман Шаққалиев өндірушілерге.

Нанкиндегі Орталық Азия – Цзянсу сауда орталығының ресми ашылуы қыркүйек айына жоспарланған.


Смотрите больше интересных агроновостей Казахстана на нашем канале telegram, узнавайте о важных событиях в facebook и подписывайтесь на youtube канал и instagram.

Обсуждение

0 коментарии