Ақмола облысының Жақсы ауданы прокуратурасының тексеріс нәтижелері бойынша жануарларды қауіпті ауруларға қарсы ветеринариялық зерттеулер мен вакцинациялауды жүргізбеу, вакцинацияланбаған жануарларды тіркеу, есептерді бұрмалау, іс жүзінде жоқ он мыңдаған малдың есепте болу фактілері анықталды, деп хабарлайды World of NAN.
Тарасов ауылдық округінде 500 бас мал, Ешім ауылдық округінде 319 бас мал туберкулезге зерттелмеген. Осыған қарамастан берілген есеп бойынша барлық мал басы 100% зерттелген.
Запорожье ауылдық округінде есептер мен актілер бойынша союға сойылып кеткен ірі қара малды вакцинациялау жалғасқан (60-тан астам бас). Іс жүзінде жоқ 16 мың бас мал есепте тіркеуде болған.
Жол берілген бұзушылықтар үшін 13 адам жауапқа тартылды, 9 ветеринарлық инспектор, оның ішінде бас ветеринарлық дәрігер әкімшілік жауапкершілікке тартылды, оларға айыппұлдар салынды. Прокурорлық қадағалау актілері бойынша жергілікті атқарушы органдар анықталған бұзушылықтарды жою шараларын қабылдауда.
Смотрите больше интересных агроновостей Казахстана на нашем канале telegram, узнавайте о важных событиях в facebook и подписывайтесь на youtube канал и instagram.
Обсуждение