Қостанай облысының ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер қауымдастығы астық құрамындағы микротоксин мөлшерін тапсыру талабы қосымша шығын екенін атап өтті. Сондықтан бұл тармақты Азық-түлік корпорациясының ережелерінен алып тастау ұсынылды. Бұл туралы World of NAN порталы Ұлттық Палатаға сілтеме жасай отырып хабарлайды.
«ГОСТ-тың 4-класты дәнге арналған техникалық талаптарында дәнді қоспалардың 5% көрсеткіші тек нан пісіру және макарон ұнына белгіленген. Ал бидайға, жемге және спиртке 15 пайызбен көрсетілген. Азық-түлік корпорациясының 4-класты астықты сатып алу талаптарында астық қоспасының көрсеткішін 15-ке дейін көтеруіңізді сұраймыз», - деп ұсыныс жасады Қауымдастық өкілі Светлана Михайленко.
Өйткені, 4-класты бидай үшін ұсынып отырған баға жақсы – тоннасы 90 мың теңге, бірақ талаптарда астық қоспасы 7 пайыздық мөлшер деп көрсетілген. Ал 15 пайыз болса, астықтың бағасы тоннасына 70 мың теңге болады. Қазіргі жағдайда шаруаларға қаржы керек, бұл талап олардың ақша табуына мүмкіндік бермейді. Сондай-ақ 5-класқа қойылатын талаптарға өзгеріс енгізу ұсынылды. Өйткені ГОСТ-та қажет стандарттар жоқ.
«Бүгінгі жағдайда Азық-түлік Корпорациясы сатуға ыңғайлы болуы үшін жұмыс істейді, ал элеваторлар қабылдау және өңдеуге ыңғайлы болсын дейді. Ал фермер ше? Химикат сатушылар қазірдің өзінде қарызын төлемегені үшін оларды сотқа беріп жатыр», - деп қосты Светлана Михайленко.
Сондай-ақ, диқандар көктеп шыққан дәнді-дақылдардың көрсеткішін талаптан алып тастау немесе көбейту керектігін айтты. Элеваторға жеткізу кезінде астықтың көрсеткіштері басқаша болғанымен, бір-екі айдан кейін ол басқаша болады. Құжаттарда көктеген дән 50 пайыз деп көрсетілсе, іс жүзінде 90 немесе одан да көп болады.
Смотрите больше интересных агроновостей Казахстана на нашем канале telegram, узнавайте о важных событиях в facebook и подписывайтесь на youtube канал и instagram.
Обсуждение