Мәзір

Жеңілдетілген несиелендірудің талаптары тым жоғары

15.05.2024
Жеңілдетілген несиелендірудің талаптары тым жоғары

Үкіметте өткен жиында көктемгі егіс жұмыстарына жеңілдетілген несие беру мәселелері талқыланды. Бұл жөнінде World of NAN үкіметке сілтеме жасай отырып хабарлайды.

Ауыл шаруашылығы өндірушілері тарапынан «Кең дала – 2» бойынша жеңілдікті қаражат бөлу кезінде АКК тарапынан асыра көтерілген талаптар бойынша өтініштер келіп түсті. Олардың қатарында кейінгі үш жыл ішінде егілген алқаптар мен егістер туралы мәліметтерді растау, меншігінде не уақытша өтеулі пайдалану құқығында егіс алқаптарының болуы, ауыл шаруашылығы қызметінің үш жылдық тәжірибесі, артық ылғалдан сақтандыру және басқа да талаптар бар. 

«Көктемгі дала жұмыстарына бөлінетін ақша еліміздің азық-түлік қауіпсіздігінің негізі және әрбір сұранысқа жеке-жеке қарау керек. Жақын арада Үкімет резервінен және жергілікті бюджеттерден пайыздық мөлшерлемені субсидиялау үшін 100 млрд теңге бөлінетін болады, бұл көктемгі егіс жұмыстарына ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілер үшін жылдық 5%-бен қосымша 400 млрд теңге тартуға мүмкіндік береді. Фермерлер бұл қаражатты кідіріссіз алуы керек», — деп атап өтті Серік Жұманғарин.

2024 жылы көктемгі егіс жұмыстарын қаржыландырудың жалпы көлемі 580 млрд теңгені құрайды. Бұл алдыңғы жылдармен салыстырғанда үш есеге көп.


Смотрите больше интересных агроновостей Казахстана на нашем канале telegram, узнавайте о важных событиях в facebook и подписывайтесь на youtube канал и instagram.

Обсуждение

0 коментарии