Мәзір

Германиялық инвестор 3 млн еуроға биогаз зауытын тұрғызады

02.08.2023
Германиялық инвестор 3 млн еуроға биогаз зауытын тұрғызады

Германияның Biogas Servise Tarmstedt Gmbh компаниясы Ақмола облысында қуаттылығы 500 кВт болатын биогаз зауыты құрылысына 3 миллион еуродан астам инвестиция салады, деп хабарлайды World of NAN.

«Атамекен» кәсіпкерлер палатасының баспасөз қызметінің хабарлауынша,  «Altyn Dala Goldex» ЖШС мен Германияның ірі Biogas Servise Tarmstedt Gmbh компаниясы арасында ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылған.

Кәсіпкерлер палатасының айтуынша, биогаз өндірісінің артықшылығы – мал қалдықтарының қорын барынша азайту, оны бағалы тыңайтқыш ретінде пайдалануды оңтайландыру, парниктік газдар шығарындыларын шектеу арқылы қоршаған ортаға тигізетін әсерін азайту. Газ қондырғысынан кейін өңделген шымтезек түріндегі қалдықтар егістік алқаптарға түседі, бұл органикалық заттарды қажет ететін жерлерді қоректендіруге мүмкіндік береді.

Қазіргі сәтте Есіл ауданының аумағынан жер учаскесі бөлінген, жақын арада объектіні одан әрі монтаждау және іске қосу үшін дайындық құрылыс жұмыстарын жүргізу жоспарланып отыр.

Құрылысты аяқтау мерзімі: 2024 жылдың соңы. Жоспарланған инвестиция көлемі 3 млн еуродан асады.

Неміс серіктестерімен кездесу барысында ауыл шаруашылығы техникасына қосалқы бөлшектерді сату, сондай-ақ ауыл шаруашылығы құралдарын жинау бойынша хаб құру мәселелері де талқыланған. Кәсіпкерлер палатасының хабарлауынша, жоба «Fricke» неміс компаниясымен бірлесіп әзірленді, қазақстандық компанияға дистрибуция құқығын тек Қазақстан аумағында ғана емес, келешекте бүкіл Орталық Азияда беру туралы уағдаластыққа қол жеткізілген.

«Біздің еліміз шетелдік инвесторлар үшін өте тиімді сауда алаңы екенін  ескере отырып, келіссөздер Ақмола өңірінің ғана емес, жалпы елдің экономикалық дамуында шешуші рөл атқарады. Бұдан басқа, биогаз зауытын салу жобасы экология тұрғысынан да маңызды, өйткені биогаз жаңартылатын энергия көздері арасында әмбебап болып табылады және оны пайдалану атмосфераға зиянды метан шығарындыларын азайтуға ықпал етеді», - деп атап өтті Өңірлік палата директоры Ерқанат Мұсылманбек.

Biogas Servise Tarmstedt мұндай зауыттарды Еуропа елдерінде, сондай-ақ Оңтүстік Америкада да салып жатыр.


Смотрите больше интересных агроновостей Казахстана на нашем канале telegram, узнавайте о важных событиях в facebook и подписывайтесь на youtube канал и instagram.

Обсуждение

0 коментарии