Мәзір

Қызылорда облысында түйе сүтінен сабын өндіріп жатыр

11.07.2023
Қызылорда облысында түйе сүтінен сабын өндіріп жатыр

«Aral Organic» жеке кәсіпкерлігінің иесі Арсена Көшжанова түрлі өсімдіктің қоспасынан сабын дайындайды. Кәсіпкердің өнімі көп сабынға ұқсамайды. Ол түйе, ешкі сүті, жантақ қосылған емдік қасиеті бар сабын шығарып келеді. Бұл сабын түрлі тері ауруларына және терінің құрғауына қарсы емдік қасиеті бар, деп хабарлайды World of NAN.

Арсенаның Көшжанованың емдік әрі хош иісті сабыны «Қазақстанның үздік тауары-2023» өңірлік көрме-байқауында үлкен сұранысқа ие болды. Ол бұрын сабынды өзіне және таныстарына арнап дайындайтын, кейін хоббиді бизнеске айналдыруға шешім шығарды. Мемлекеттік қолдау аясында қолдан жасалған сабын шығаратын цех ашты.

«Кәсіпті бастағаныма 6 айдай уақыт болды. Мүмкіндігінше өзімізде бар нәрселерден пайдалы дүние жасағым келді. Сабын түйенің, ешкінің сүті қосылып жасалады. Сонымен қатар жантақты да пайдаландық. Қазақстанның басқа өңірлеріне де жіберсек деген ниетім бар. Менікі органика болып есептеледі. Ауылдан шөпті өзіміз теріп, қайнатып, сабын істейміз. Өнім органика дүкендеріне қойылып, ұсынылса деген ойым бар. Бізде тек ел ішінде ғана емес, шетелде де сұранысқа ие органикалық және экологиялық таза өнімдерді өндіру үшін айтарлықтай әлеует бар», – деп бөлісті кәсіпкер.

Арсена қазіргі таңда сабынның 11 түрін шығарып отыр. Соның ішінде 3 сабынның емдік қасиеті бар. Айтуынша, сабынның құрамында хош иістер, бояғыштар мен консерванттар жоқ, тек табиғи ингредиенттерден жасалады. Ол судың орнына сабынға ешкі мен түйе сүтін қосады. Сонымен қатар кәсіпкер түйе тікенегі қосылған шөп сабынының рецептін ойлап тапқан.


Смотрите больше интересных агроновостей Казахстана на нашем канале telegram, узнавайте о важных событиях в facebook и подписывайтесь на youtube канал и instagram.

Обсуждение

0 коментарии