«Етті ветеринариялық-санитариялық сараптау» жаңа модулінің арқасында ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендірудің ақпараттық жүйесінде (АЖЖ) сойылған жерлердегі сараптама актісімен және жануардың толық тіршілік циклі туралы ақпараты бар QR-кодты қалыптастырумен 1 және 2 нысандағы анықтамаларды беру процесі цифрландырылды. Бұл туралы World of NAN порталы үкіметке сілтеме жасай отырып хабарлайды.
Бұл QR ет сату орындарында орналастырылады. Жаңа жүйе жануарларды ветеринарлық тексерусіз және ұшалар мен ағзаларды сараптаусыз союдың алдын алуға мүмкіндік береді. Қазір жаңа модуль Алматы, Павлодар, Жетісу облыстарында пилоттық режимде сынақтан өткізілуде.
Премьер-Министрдің орынбасары Серік Жұманғариннің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында ауыл шаруашылығы жануарларын қадағалау жүйесін жетілдіру процесі талқыланды. «Етті ветеринариялық-санитариялық сараптау» жаңа модулінің арқасында ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендірудің ақпараттық жүйесінде (АЖЖ) сойылған жерлердегі сараптама актісімен және жануардың толық тіршілік циклі туралы ақпараты бар QR-кодты қалыптастырумен 1 және 2 нысандағы анықтамаларды беру процесі цифрландырылды. Бұл QR ет сату орындарында орналастырылады. Жаңа жүйе жануарларды ветеринарлық тексерусіз және ұшалар мен ағзаларды сараптаусыз союдың алдын алуға мүмкіндік береді. Қазір жаңа модуль Алматы, Павлодар, Жетісу облыстарында пилоттық режимде сынақтан өткізілуде.
Бұл тәсіл шекара бекеттерінде де енгізілген. Мұнда келіп түскен жүк туралы мәлімет ақпараттық жүйеге енгізіледі және мемлекеттік ветеринариялық инспекторға, ветеринариялық зертхана қызметкеріне жіберілетін тексеру мен сынамаларды іріктеу хаттамаларының электрондық нысандары қалыптастырылады. Жүйе Павлодар облысының шекаралық пункттерінде сәтті сынақтан өтті.
Сондай-ақ, Ауыл шаруашылығы вице-министрі Аманғали Бердалин барлық ірі ауылдық округтерде ветеринарлық-санитарлық сараптама зертханасы бар мал сою алаңдарын ашу қажеттігін атап өтті.
«Мал сою алаңдары өтпелі кезеңге мәжбүрлі шара ретінде ашылғандықтан, қазір заңнамаға өзгерістер енгізу үшін жұмыс істеп жатырмыз, содан кейін ондай мал сою алаңдары енді болмайды», - деді вице-министр.
Смотрите больше интересных агроновостей Казахстана на нашем канале telegram, узнавайте о важных событиях в facebook и подписывайтесь на youtube канал и instagram.
Обсуждение