Мәзір

Қазақстандағы ғылыми әзірлемелердің тек 8 пайызы ауыл шаруашылығына енгізіледі

21.07.2023
Қазақстандағы ғылыми әзірлемелердің тек 8 пайызы ауыл шаруашылығына енгізіледі

Ауыл шаруашылығы саласында ғылыми зерттеулер өте аз жүргізіледі. Оның басты себебі – қаржы өте аз бөлінеді. Жаңа технологиялар ауыл шаруашылығына аз енгізіліп жатыр. Соның салдарынан дәнді дақылдардың түсімділігі азайып, ірі қара малдың саны тоқсаныншы жылдардағы деңгейден төмен болып қалған. Бұл туралы Алматыда өткен халықаралық ғылыми конференцияда айтылды, деп World of NAN порталы «Хабар 24» телеарнасына сілтеме жасай отырып хабарлайды.

Ғылыми конференцияға қатысқан Қазақстан мен ТМД сарапшыларының айтуынша, ауыл шаруашылығы саласында ғылыми зерттеулердің аз болуы мен осы саланың инвесторларға тартымсыз болуы азық-түлік қауіпсіздігіне кері әсер етіп отыр.

Депутат Анас Баққожаевтың айтуынша, ауыл шаруашылығына қатысты зерттеулерге аз қаржы бөлінуінің басты себебі – ғылымды қаржыландыруды бақталастық негізге көшіруімізде болып отыр. «Иә, түсінемін, бұл батыстық модель. Яғни қай ғылыми жоба көбірек нәтижелі болса, сол жеңуі керек. Бірақ 100 жобаның ішінде тек біреуі жеңуі мүмкін. Қалған 99 жоба жарамсыз болып қалады», - дейді депутат. Оның түсіндіруінше, осы мәселе агроғылымның жағдайын мүшкіл етіп отыр.

 


Смотрите больше интересных агроновостей Казахстана на нашем канале telegram, узнавайте о важных событиях в facebook и подписывайтесь на youtube канал и instagram.

Обсуждение

0 коментарии