Ауыл шаруашылығы министрлігі агроөнеркәсіптік кешенді дамытудың 2024-2028 жылдарға арналған ұлттық жобасын «Қуатты АӨК» деп атады, деп хабарлайды World of NAN.
Жобаның мақсаты өте оптимистік – ауыл шаруашылығы жалпы өнімінің көлемін екі есеге, 17 триллион теңгеге жеткізу. Ал бұл ауыл шаруашылығы өнімдерінің экспортын 10 млрд долларға (4,4 трлн теңге) дейін арттыруға мүмкіндік береді. Ресей бәсекелестігінің күшеюі жағдайында мұндай нәтижелерге қол жеткізу мүмкін бе? Білдей бір министрліктің жоспарына еніп отырғанына қарағанда, бұл мүмкін сияқты.
Жалпы алғанда, жоба республикалық бюджетке 15,7 трлн теңге салмақ салады. Оның тоғыз триллионы республикалық бюджеттен, 2,5 триллионға жуығы әкімдіктерден, 3,8 триллион теңгесі бюджеттен тыс қорлардан деп жоспарланған. 2024 жылы жобаға 1,9 триллион теңге, одан кейін 3,6-3,8 трлн теңге бөлінеді.
2024 жылдан 2028 жылға дейін субсидия көлемінің 432,9 миллиард теңгеден 882,5 миллиард теңгеге дейін артатыны шынымен де көңіл қуантады. Сонымен қатар, бес жыл ішінде 3,8 триллион теңге көлемінде бюджеттен тыс қаражат тарту жоспарланып отыр, бірақ бұл қаражаттың қайдан түсетіні әзірге белгісіз.
Жалпы, ұлттық жоспар оптимизмнен ада емес және бәрі орындалса, ел импорт пен азық-түлік бағасының үнемі көтерілуін ұмытатыны анық.
Жобаның толық мәтінімен «Ашық НҚА» порталында танысуға болады.
Смотрите больше интересных агроновостей Казахстана на нашем канале telegram, узнавайте о важных событиях в facebook и подписывайтесь на youtube канал и instagram.
Обсуждение