Жамбыл облысында «ЕвроХим» компаниясы 2021 жылы құны $1 млрд тұратын минералды тыңайтқыштар шығаратын зауыттың құрылысын бастайды.Бұл ақпаратты ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Ведомствоның ақпаратына қарағанда, «ЕвроХим» компаниясы 2012 жылы ҚР-мен Жамбыл облысындағы Қаратау фосфорит бассейнінің кен орындарын игеру туралы және қуаттылығы 1 млн тонна минералды тыңайтқыштар шығаратын зауыт құрылысы жайлы инвестициялық жобаны жүзеге асыру туралы келісімге қол қойған еді.
«Аталғагн химиялық зауыттығ технологиялық ерекшелігі жоғары таза, концентрацияланған фосфорлы агрохимиялық өнімдерді өндіруге мүмкіндік беретін болады. Сонымен қатар, бір мезгілде 120 мың тонна кальций хлоридін және жылына 400 мың тоннадан кем емес гипс-дигидратты шығару жоспарланып отыр. Өндіріс мұнай-газ, құрылыс және ауыл шаруашылық салаларын қамтамасыз ететін болады, — деп мәлімдеді баспасөз қызметі.
Қазіргі уақытта фосфориттер шығарылатын орынды барлау және игеру жұмыстары басталды. Сонымен бірге фосфуки өндіретін жылдық қуаты 640 мың тонна болатын тау-кен кешенін пайдалануға беру жөніндегі жобаның бірінші кезеңі табысты жүзеге асырыла бастады.
Екінші кезең бойынша жұмыстың 80% - дан астамы орындалды, химиялық кешеннің құрылысына алаң дайындау, жабдықты жеткізушілерді іріктеу және оны жеткізуге келісім-шарт жасау жүргізілуде. Зауыт құрылысының басталуы 2021 жылға жоспарланған, деп нақтылады ИИДМ.
Сондай-ақ, өткен жылдың желтоқсан айында Жаңатаста Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі, Жамбыл облысы әкімдігі мен «ЕвроХим» арасында минералды тыңайтқыштар шығаратын зауыт салу және пайдалану туралы инвестициялық келісімге қол қойылды. Компанияның жобаға салатын инвестиция көлемі $ 1 млрд. бағаланады.
«ЕвроХим» (EuroChem Group AG) — азот, фосфор және калий тыңайтқыштарды шығаратын белгілі әлемдік өндірушілерінің бірі, тыңайтқыштарды өндіруді, логистиканы және дистрибуцияны қоса алғанда, тікелей интеграцияланған құрылымы бар.
Ақпарат көзі: eldala.kz
Смотрите больше интересных агроновостей Казахстана на нашем канале telegram, узнавайте о важных событиях в facebook и подписывайтесь на youtube канал и instagram.
Обсуждение