Қазақстанда Мәжіліс депутаттарының бастамасымен «Астық туралы» заңға түзетулер дайындалды. Бұл туралы ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің баспасөз қызметінен хабарлады.
Аталған заң жобасы табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар туындаған кезде ҚР-ды азық-түліктік астықпен қамтамасыз ету мақсатында әзірленді, деп түсіндірді Ауыл шаруашылығы министрлігі.
Заңнамаға енгізілген түзетулер астықтың резервтік қорын қалыптастыру арқылы елдің азық-түлік қауіпсіздігі деңгейін арттырады. Сондай-ақ астықтан негізгі әлеуметтік маңызы мынандай үш өнім жасалады: бірінші сұрыпты бидай ұны, бірінші сұрыпты (пішінді) ұннан жасалған нан және нан өнімдері.
Заң жобасының авторлары енгізген түзетулер ішкі астық нарығын тұрақтандырады және астық саласындағы экспорттық инфрақұрылымды дамытуға ықпал етеді деп күтеді.
Сондай-ақ, құжат Азық-түлік келісім шарт корпорациясының астық нарығын реттеудің ұлттық операторы мәртебесін заңдастырды және оның өкілеттіктерін анықтайды.
Астықтың резервтік қорын сақтауға республикалық бюджеттен жыл сайын шамамен 2,4 млрд. теңге бөлу қажет болады.
Статистика комитетінің мәліметі бойынша, 2020 жылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша Қазақстанда астық және бұршақ дақылдарының қоры 4 505 095 тоннаны, оның ішінде бидай - 3 638 893 тоннаны құрайды.
Бұған дейін Азық-түлік келісім шарт корпорациясы аймақтарға ішкі нарыққа кепілді жеткізілім бойынша экспорттаушылардан сатып алынған 38,9 мың. тонна бидайды таратқаны туралы хабарланған болатын.
Ақпарат көзі: eldala.kz
Смотрите больше интересных агроновостей Казахстана на нашем канале telegram, узнавайте о важных событиях в facebook и подписывайтесь на youtube канал и instagram.
Обсуждение