Сәкен Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінің ғалымдары «АгроОптим» атты ақпараттық-аналитикалық жүйе жасап шығарды. Аталған электронды көмекші арқылы агроқұрылым иелері шаруашылықтағы тәуекелдерді алдын–ала болжауға және оларды талдау негізінде өндірістік және экономикалық процестерді басқаруға, тиімді шешімдер қабылдауға мүмкіндіктері бар.
Аталған «АгроОптим» ААЖ-нің ерекшелігі – бұл жүйе табиғи, технологиялық, нарықтық жағдайлардың белгісіз тұстарын ескеріп болжам жасап, оңтайлы шешімдерді ұсыну үшін әдейілеп «шығынға ұшырайды», нарықтағы және басқа да сыртқы жағдайларды дамытатындай мүмкін нұсқаларды модельдейді.
«Еліміздегі ауыл шаруашылығы саласы көбінесе табиғаттың сүйкімсіз баласы, ал үкіметтің сүйікті өгей баласы сияқты көрінеді», - деді жоба жетекшісі, э.ғ.д., С.Сейфуллин атындағы ҚазАТУ профессоры Талғат Құсайынов. -Табиғаттың сүйкімсіз баласы дейтін себебім, өйткені ауыл шаруашылық саласы ауа-райының тұрақсыздығынан, табиғи апаттардан, нарықтағы қиындықтардан басқа салаларға қарағанда көп жапа шегеді. Үкіметтің сүйікті өгей баласы, өйткені мемлекет түрлі сылтаулармен, сәтті немесе сәтсіз түрде ауыл шаруашылық саласын өз қамқорлығына алуға тырысады. Алайда, кез-келген жаңа сұрып пен тұқымды шығарып, технологияларды және субсидияларды дер кезінде қолданбаса, бұл жұмыстар өздігінен нәтиже бермейтіндігі ақиқат, тек мұны ешкім елеп, ескере бермейді. Бұл адами фактор. Кез- келген сәтті істің альфа және омега тұсы болады - бұл дұрыс шешім. Сонымен қатар басқару, ұйымдастыру ақпараттың сапасына байланысты.
Атап айтқанда, бұл жүйе дақылдарды таңдайды, олардың үйлесімділігі мен құрылымын қарастырады, өнімді өткізу уақыты мен көлемін анықтау туралы оңтайлы шешімдер қабылдауға, малды дұрыс ұстауға, ауыл шаруашылық құрылымдардағы ақша ағындарын болжауға және басқаруға мүмкіндік береді.
Қазіргі таңда агроменеджмент агробизнестің тиімділігі мен тұрақтылығын арттыруға ықпал етеді.
Ғалымның айтуынша, еліміздің орналасқан географиялық жағдайының ерекшеліктері (нарықтардан қашықтығы, теңізге шыға алмауы) Қазақстанды инновациядан басқа экономиканы дамытудың басқа жолы қалмай отырғандығын баса айтты. Яғни электронды, ақпараттық жүйе арқылы, маркетингтік жұмыстар арқылы өндіріс шығындарын азайтуға және кірісті арттыруға болатын бірден –бір тәсіл.
Ақпарат көзі: eldala.kz
Смотрите больше интересных агроновостей Казахстана на нашем канале telegram, узнавайте о важных событиях в facebook и подписывайтесь на youtube канал и instagram.
Обсуждение