Мәзір

Қостанай облысында өңдеу өнеркәсібіне 112 млрд теңге инвестицияланады

18.03.2024
Қостанай облысында өңдеу өнеркәсібіне 112 млрд теңге инвестицияланады

Қостанай облысында өңделген өнімдердің үлесін көбейтуді мақсат етіліп отыр. Бұл жөнінде World of NAN облыс әкімдігіне сілтеме жасай отырып хабарлайды.

Жыл сайын облыста 5 миллион тоннаға жуық бидай өндіріледі, бұл республикадағы жалпы астық көлемінің төрттен бірін құрайды. Оның 45 пайызы қайта өңдеуге жіберіледі.

Өңірдегі ұн тартатын ірі кәсіпорындардың бірі – «Аруана-2010» ЖШС. Компания зауыттың жалпы өндірістік қуатын жылына 175 мың тоннаға дейін арттыратын жаңа диірмен кешенін кеңейту және салу туралы шешім қабылдады. Жаңа жобаның құрылысына салынған инвестиция көлемі 3 млрд теңгені құрайды.

Бұл жоба өндіріс пен экспорт көлемін ұлғайтуға мүмкіндік береді, өңірдегі қайта өңдеу үлесін, сонымен қатар бюджетке түсетін салық түсімдерінің көлемін жылына 200 миллион теңгеден астам арттыруға мүмкіндік сыйлайды.

Облыс әкімі Қ.Ақсақаловтың айтуынша, алдағы 3 жылда 15 жобаны жүзеге асыру үшін ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеуге 112 миллиард теңгеден астам инвестиция тарту жоспарланған.


Смотрите больше интересных агроновостей Казахстана на нашем канале telegram, узнавайте о важных событиях в facebook и подписывайтесь на youtube канал и instagram.

Обсуждение

0 коментарии