Көктемгі ауа-райы мен климаттық жағдайдың қолайлы болуына байланысты бұрын шегіртке ошағы болмаған аймақтарда олардың саны күрт өсіп барады, деп хабарлайды World of NAN.
Қазіргі таңда республика бойынша 76 210 га ауыл шаруашылығы алқаптарын мамандар тексеріп, 54 795 га жерде зиянды шегірткелердің бар екені анықталды. Оның 44 950 гектары химиялық шаралар қолдану арқылы жойылды.
Мамандардың айтуынша, биыл шегірткенің таралуы 65 мың гектарды құрайды деп болжанып, оған республикалық бюджеттен 33 миллион сом көлемінде қаржы қарастырылған.
Мамандардың болжамынша, шегіртке тарайтын аумақ 90 мың гектарға жетуі мүмкін.
Смотрите больше интересных агроновостей Казахстана на нашем канале telegram, узнавайте о важных событиях в facebook и подписывайтесь на youtube канал и instagram.
Обсуждение