Мәзір

Қызылорда облысында күріш өсірушілерге субсидия төлей бастады

27.07.2020
Қызылорда облысында күріш өсірушілерге субсидия төлей бастады

Қызылорда облысында өткен жылы қаражат ала алмаған күріш өсірушілерге субсидия төлей бастады. Бұл туралы облыс әкімінің баспасөз қызметінен хабарлады.

Әкімдіктің мәліметі бойынша, «Негізгі дақылдарды субсидиялау» бағдарламасы  бойынша қаражат бөлінген кезде, 2019 жылы облыстағы бірқатар шаруа қожалықтары субсидия алып, үлгермеген еді.

Осыған орай, Қызылорда облысының әкімдігі Ауыл шаруашылығы министрлігіне ұсыныс жіберді, аталған сұраныс дер кезінде қолдауға ие болды. Ауыл шаруашылығы министрлігі басшысының 2020 жылғы 30 наурыздағы «Өсімдіктің өнімділігі мен сапасын арттыруды субсидиялау ережесін бекіту туралы» бұйрығына сәйкес 2019 жылдың төртінші тоқсанында өңдеуге тапсырылған күріштің тоннасына субсидиялар төленетін болады.

Қызылорда облысы әкімдігінің 2020 жылғы 18 маусымдағы қаулысына сәйкес субсидиялар мөлшері тоннасына 3500 теңге болып табылады.

21 шілдеде Qoldau.kz арқылы «Негізгі дақылдар өндірісін дамытуды субсидиялау» бағдарламасына өтінімдер қабылдау басталды.

Ақпарат көзі: eldala.kz


Смотрите больше интересных агроновостей Казахстана на нашем канале telegram, узнавайте о важных событиях в facebook и подписывайтесь на youtube канал и instagram.

Обсуждение

0 коментарии