Сапархан Омаров Ауыл шаруашылығы министрлігі жүйесіндегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша онлайн-кеңес өткізді. Іс-шараға Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының бірінші орынбасары Олжас Бектенов, министрлік құрамының құрылымдық басшылары және АШМ аумақтық бөлімшелері мен ведомство басшылары қатысты.
Кеңес барысында агроөнеркәсіптік кешендегі сыбайлас жемқорлық әрекеттерінің алдын алу мәселелері қарастырылып, министрліктің жаңа нормативтік актілері талқыланды. Сондай-ақ, субсидия беру процестерін автоматтандыру, бөлімдердің сапасын жақсарту және мемлекеттік қызметтерді көрсету уақытын қысқарту жөнінде айтылды.
Министр сыбайлас жемқорлықты жоюдың және заңнама талаптарын сақтауды тапсырды. Барлық басшылар сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және болдырмау үшін жүйелі жұмыс жасау керектігін атап өтті.
Сонымен қатар, сала басшысы Ауыл шаруашылығы министрлігінің жанынан құрылған «Адалдық алаңы» жобасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша қоғамдық ұйымдармен бірлескен жұмысқа және кез-келген сұхбатқа ашық екендігін айтты.
Онлайн отырыстың қорытындысы бойынша АШМ құрылымдық бөлімшелердің, департаменттердің және ведомство басшыларына сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің, оның ішінде мемлекеттік қызметтерді көрсетудегі және бақылау-қадағалау қызметін жүзеге асырудың тиімділігін арттыруға қатысты бірқатар нақты тапсырмалар берді.
Ақпарат көзі: www.gov.kz
Смотрите больше интересных агроновостей Казахстана на нашем канале telegram, узнавайте о важных событиях в facebook и подписывайтесь на youtube канал и instagram.
Обсуждение