Мәзір

Нұр-Сұлтанда жеке инвестициялар есебінен өндірістік-логистикалық орталық пен жылыжай кешені ашылмақ

16.02.2021
Нұр-Сұлтанда жеке инвестициялар есебінен өндірістік-логистикалық орталық пен жылыжай кешені ашылмақ

Пандемия тұтас қоғамның өміріне өзгеріс әкеліп қана қоймай, экономикаға да едәуір сынақ болды. Алайда еліміздің астанасында коронавирус салдарына қарамастан, экономикалық тұрақтылық сақталып қана қоймай, тіпті жеке инвестициялар мөлшері өскен екен. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов Инстаграм әлеуметтік желісінде айтты.

«Коронавирус пандемиясына қарамастан, біз тұрғындар мен қаламыз үшін маңызды жобаларға тартылған жеке инвестициялардың мөлшерін сақтап қана қоймай, тіпті айтарлықтай арттыра алдық. Биыл да осы жұмысты жүйелі түрде жалғастырамыз», – деп жазды қала әкімі өз парақшасында.

Өз сөзінде қала басшысы астанада жеке инвестиция тарту бойынша тағы бірнеше жаңа жоба қолға алынғанын жеткізді.

«Бүгін өңірлік кеңесте жеке инвестицияларды тарту есебінен азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету және нарықты жергілікті тауармен жабдықтау үшін жылыжай кешенінің; өндірістік-логистикалық орталықтың; гипермаркеттердің құрылысы сияқты бірқатар жобалар қолдау тапты.

Әрбір инвестормен тікелей жұмыс істеп, жобаларды іске асу барысын қадағалаймыз», – дейді А.Көлгінов жазбасында.

Қала басшысы қолдау тапқан жобалар қатарында медициналық орталықтар мен спорт мекемелері, мектептер, балабақшалар салу да бар екенін атап өтті.

«Солардың ішінде, мектепке дейінгі арнайы коррекциялық оқу орны салынбақ. Ерекше мұқтаждығы бар азаматтарға медициналық көмек көрсетіп қана қоймай, денсаулықтың жақсару динамикасын көру де маңызды», – деген Нұр-Сұлтан әкімі.


Смотрите больше интересных агроновостей Казахстана на нашем канале telegram, узнавайте о важных событиях в facebook и подписывайтесь на youtube канал и instagram.

Обсуждение

0 коментарии