Мәзір

ҚР-да ауыл шаруашылығына барлық парниктік газдар шығарындыларының 9,1% тиесілі

05.11.2021
ҚР-да ауыл шаруашылығына барлық парниктік газдар шығарындыларының 9,1% тиесілі

1 қарашада өткен БҰҰ СОР26 Саммиті шеңберінде Қазақстан климаттың өзгеруіне қарсы күреске бейілділігі туралы ұстанымын растады. Парниктік газдар шығарындыларын азайту бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы Үкімет отырысында басқа спикерлер қатарында ауыл шаруашылығының бірінші вице-министрі Айдарбек Сапаров баяндады, деп хабарлады Премьер-Министрдің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып, World of NAN.

"Бүгінгі таңда ауыл шаруашылығына парниктік газдардың барлық шығарындыларының 9,1% тиесілі, оның ішінде мал шаруашылығының үлесі 62% - ды құрайды. Аталған тәуекелдерді азайтудың басты факторы "жасыл" технологиялар мен ресурстарды тиімді басқаруды қамтитын тұрақты өндіріс болып табылады", – деді вице-министр.

А.Сапаровтың айтуынша, АӨК ұлттық жобасы және АӨК дамытудың 2030 жылға дейінгі Тұжырымдамасы аясында парниктік газдар шығарындыларын азайту мақсатында мал шаруашылығында метан шығарындыларын азайту үшін көң мен құс саңғырығын қайта өңдеу жабдығы құнының 25% - ын инвестициялық субсидиялау жүзеге асырылуда. Өсімдік шаруашылығында суды көп қажет ететін дақылдар алаңдарын қысқарту мақсатында егіс алқаптарының құрылымын әртараптандыру жалғастырылады. Сондай-ақ, қазіргі цифрлық технологияларды енгізу, ғарыштық мониторинг және жерді қашықтықтан зондтау нәтижелерін пайдалану бойынша шаралар қабылдануда. Агротехнологияларды сақтау мақсатында тұқымдардың және отырғызылатын материалдардың қазіргі заманғы сұрыптарын, сондай-ақ тыңайтқыштар мен өсімдіктерді қорғаудың биологиялық құралдарын сатып алу бойынша қолдау көрсетіледі. Бұл ретте АӨК дамыту тұжырымдамасы шеңберінде органикалық тыңайтқыштарды сатып алу кезінде ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің шығындарын өтеу көзделетін болады. Саланы техникалық жарақтандыру үшін ауыл шаруашылығы техникасын сатып алуды, жеңілдікті лизингті субсидиялау, сондай-ақ отандық ауыл шаруашылығы машинасын жасауды дамыту бағдарламаларын ауқымды іске асыру жалғасатын болады.

Сондай-ақ, вице-министр елімізде су үнемдеу технологияларын енгізу, сондай-ақ гидромелиоративтік қызметтің материалдық-техникалық базасын жақсарту және олардың қызмет аймағын кеңейту арқылы суармалы егіншілікті дамыту бойынша шаралар қабылданып жатқанын атап өтті. Бұл ретте қазіргі заманғы суару жүйелерін сатып алу құнының 50%-ына дейінгі инвестициялық субсидиялау көзделген.

А.Сапаровтың ақпараты бойынша, қазіргі уақытта елімізде мал қалдықтарын қайта өңдеу қондырғыларын пайдаланатын ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің бірқатар табысты мысалдары бар. Бұл 9 құс фабрикасы, 7 шошқа фермасы, 8 сүт-тауар фермасы.

"Бұл ретте, мемлекеттік қолдау шараларын көрсету есебінен 2030 жылға қарай қалдықтарды қайта өңдеу қондырғыларын пайдаланатын құс фабрикаларының санын 20 бірлікке дейін, шошқа өсіретін шаруашылықтарды 15-ке дейін, сүт – тауар фермаларын 40-қа дейін ұлғайту жоспарлануда", - деп хабарлады спикер.

Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер тарапынан парниктік газдар шығарындыларын азайту мақсатында жаңартылатын энергия көздерін пайдалануға қызығушылық байқалады. Сонымен, облыс әкімдіктерінің мәліметінше, 7 618 – ден астам шаруашылық күн панельдерін, 33 шаруашылық жел генераторларын пайдаланады. Бұл ретте, инвестициялық субсидиялау шараларын іске асыру есебінен 2030 жылға қарай күн панельдерін пайдаланатын шаруашылықтар санын 27 000 бірлікке дейін, ал жел генераторларын – 50-ге дейін ұлғайту жоспарлануда.

Жаңартылатын энергия көздерін пайдалану жайылымдарды суландыру үшін инфрақұрылым құрып қана қоймай, шаруашылықты сумен қамтамасыз етеді, сонымен қатар отын мен электр энергиясын үнемдеу есебінен ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің қаржы қаражатын үнемдеуге мүмкіндік береді.

Сонымен қатар, Дүниежүзілік Банктің мал шаруашылығын тұрақты дамыту жөніндегі бағдарламасын іске асыру басталды, ол етті мал шаруашылығы секторында жасыл өсу қағидаттарын қолдануды көздейді. Бағдарлама сиыр етін өндіру кезінде парниктік газдар шығарындыларын, оның ішінде интестиналдық ашыту, көңді жинау, сақтау және пайдалану, жемшөп өндіру сияқты көздердің шығарындыларын азайтуды көздейді.


Смотрите больше интересных агроновостей Казахстана на нашем канале telegram, узнавайте о важных событиях в facebook и подписывайтесь на youtube канал и instagram.

Обсуждение

0 коментарии