Мәзір

СҚО-да майлы дақылдарды өңдейтін зауыт салынады

14.06.2021
СҚО-да майлы дақылдарды өңдейтін зауыт салынады

Солтүстік Қазақстан облысында майлы дақылдарды өңдеу зауытының құрылысы басталды, деп хабарлайды World of NAN.

Естеріңізге сала кетсек, Мемлекет ағымдағы  жылы АӨК саласында шикізаттық емес экспортты жедел дамыту шеңберінде басымдыққа ие тауарларлар ретінде майлы дақылдар мен өсімдік майын анықтаған болатын.

Ал жаңа заутықа келсек, бұл туралы СҚО әкімі Құмар Ақсақалов «Жаңа кәсіпорын жылына 370 мың тонна майлы дақыл өңдей алады. «Маслодел» ЖШС 15 млрд теңге инвестиция салады. 200-ден астам тұрақты жұмыс орны ашылады», – деп жазған Instagram парақшасында.

Солтүстік Қазақстан облысы елдегі майлы дақылдар өндірісі бойынша көшбасшы өңір болғандықтан,  кәсіпорын шикізатпен толық қамтамасыз етіледі. Облыста жыл сайын 1 млн гектар алқапқа егін егіледі – бұл республикадағы барлық алқаптардың үштен бір бөлігін құрайды.

«Жаңа зауытты іске қосу арқылы біз аймақтағы майлы дәндердің басым бөлігін қайта өңдей аламыз. Сондай-ақ, кәсіпорында қазір басқа өңірлерден әкелінетін күнжара сияқты жоғарыпротеинді азық қоспалары алынатын болады», – деп атап өтті әкім өз жазбасында.

 


Смотрите больше интересных агроновостей Казахстана на нашем канале telegram, узнавайте о важных событиях в facebook и подписывайтесь на youtube канал и instagram.

Обсуждение

0 коментарии