ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі мен ҚХР Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық ауданының кеден басқармасы екі мемлекеттің шекаралық кеден органдары басшыларының жыл сайынғы отырысы өтті. Жиында қазақстандық ауыл шаруашылығы өнімдерінің экспортын жеңілдету жолдары қарастырылды
Іс-шара барысында ҚР АШМ өкілдері қазақстандық ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерін ведомстваның кепілдігімен Қытайға экспорттауға құқығы бар «кәсіпорындар» тізіміне енгізу мәселесін талқылады.
Сонымен қатар, Шығыс Қазақстан облысында ҚХР Бас кеден басқармасының талаптары бойынша аккредиттелген ауыл шаруашылығы өнімдерінің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау жөніндегі зертхананы ашу, сондай-ақ «Қорғас» шекара маңы ынтымақтастығы халықаралық орталығы (ШЫХО) аумағында Қытай елі аттестаттаған зертханасы бар ветеринариялық және фитосанитариялық бекеттерді құру туралы ұсыныстар қаралды.
Мұндай нысандардың жұмысы қазақстандық ауыл шаруашылығы өнімдерінің шекаралық бақылау арқылы өтуін жеңілдетуге және жеделдетуге мүмкіндік береді.
Сондай-ақ, Ауыл шаруашылығы министрлігі салқындатылған етке, субөнімдерге және ҚР-дан ҚХР-ға экспортталатын ауыл шаруашылығы өнімдерінің басқа түрлеріне қойылатын ветеринариялық-санитариялық талаптарды қарау және келісу рәсімдерін жеделдетуді ұсынды.
ҚХР Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық ауданының кеден басқармасы өз кезегінде Қазақстаннан келетін жылқылардың ауруларын анықтайтын зертханалық диагностикалау жүйесі бойынша ынтымақтастықты дамытуды ұсынды.
Анықтама: Бүгінде Қытайға өсімдік және мал шаруашылығы өнімдерінің 19 түрін, оның ішінде бидай, зығыр тұқымы, арпа, жоңышқа, жүгері, бидай кебегі мен жемін, рапс шроты, бидай ұны, бал, жүн, сүт өнімдері, сиыр еті, қой еті мен шошқа етін экспорттау бойынша хаттамаларға қол қойылды.
Қытайға экспорттау құқығы бар кәсіпорындар тізіміне барлығы 566 кәсіпорын енгізілген (өсімдік шаруашылығы өнімдері бойынша 486 кәсіпорын, мал шаруашылығы бойынша – 80).
Ақпарат көзі: www.gov.kz/memleket/entities/moa
Смотрите больше интересных агроновостей Казахстана на нашем канале telegram, узнавайте о важных событиях в facebook и подписывайтесь на youtube канал и instagram.
Обсуждение