Мәзір

ШҚО-да жер заңнамасы жаппай бұзылып жатыр

27.11.2023
ШҚО-да жер заңнамасы жаппай бұзылып жатыр

Шығыс Қазақстан облысында жергілікті атқарушы органдар жер заңнамасын 135 мәрте бұзуға жол берген. Бұл туралы World of NAN порталы «Атамекен» Ұлттық Кәсіпкерлер Палатасына сілтеме жасай отырып хабарлайды.

Аталған құқық бұзу фактілері жоспардан тыс тексерулер кезінде анықталған. Бүгінде заңсыз шешімдердің күшін жою бойынша сот шаралары жүргізіліп жатыр.

«Сонымен қатар бүгінгі күні конкурс өткізбеу түріндегі құқық бұзушылық фактісі бойынша прокуратура ұсынған материалдар бойынша Самар ауданының лауазымды тұлғасына қатысты 16 әкімшілік іс қозғалып, әкімшілік жазаға тартылды. Сотта 1,169 млн. теңге көлемінде қаржы өндірілді», - дейді ШҚО Жер ресурстарын басқару басқармасы басшысының орынбасары Алмас Досжанов.

Өңірде жер теліміне конкурс өткізу мәселесі әлі де өзекті болып отыр. Қазіргі таңда Зайсан ауданында конкурс өткізуді хабарламауға қатысты материалдар келіп түсті. Бұл ретте Катонқарағай, Күршім және Самар аудандарының әкімдіктері 2023 жылдың қорытындысы бойынша аукциондарды мүлде өткізбеген.

«Қазір бізде жер телімдерін аукционға шығару мерзімін сақтамағаны үшін жауапкершілік қарастыратын норма бар. Бұл норманың енгізілгеніне көп уақыт болмағандықтан, жер қатынастары бөлімдері жауапкершілікті сезінбей, кей жерлерде бұл нормаға немқұрайды қарайтын шығар», - деп түсіндірді ШҚО жер қатынастары басқармасының басшысы Надежда Михайлис.


Смотрите больше интересных агроновостей Казахстана на нашем канале telegram, узнавайте о важных событиях в facebook и подписывайтесь на youtube канал и instagram.

Обсуждение

0 коментарии