Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Нұрдәулет Кененбаевтың айтуынша, шаруалардың мәселесі шешіле бастады. Бұл туралы World of NAN облыстық әкімдікке сілтеме жасай отырып хабарлайды.
«Сатып алу компанияларымен жедел келіссөздер алғашқы нәтижелерін берді. 2024 жылдың 8 қаңтары - дүйсенбіден бастап «Іргетас трейд» компаниясы жүгері қабылдауды бастайды. Ылғалдылығы 14 пайыз болса, оның бағасы тоннасына 55 000 теңгені, ылғалдылығы 14-20 пайыз болса, 41 500 теңгені құрайды», - деді Н.Кененбаев.
Бұл ретте тәуліктік қабылдау көлемі 500 тонна болады. Фермерлер өз өнімін Көксу ауданы, Балпық би ауылында орналасқан «Уыз Май Industry» зауытының дайындау пунктінде өткізе алады.
Естеріңізге сала кетейік, биылғы маусымда жүгері өсірушілер өз өнімдерін сақтау және өткізу мәселесімен, сондай-ақ сатып алу бағасының төмендігімен бетпе-бет келіп отыр. Осының салдарынан көптеген шаруашылықта қойманың жоқтығынан егіс орылмай, алқапта қалды.
Смотрите больше интересных агроновостей Казахстана на нашем канале telegram, узнавайте о важных событиях в facebook и подписывайтесь на youtube канал и instagram.
Обсуждение