Мәзір

БҚО-да ветеринария саласына 4,8 млрд теңге бөлінді, бірақ 1500 бас мал ауырып өлді

15.02.2024
БҚО-да ветеринария саласына 4,8 млрд теңге бөлінді, бірақ 1500 бас мал ауырып өлді

Батыс Қазақстан облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет ветеринариялық бақылау саласына эпизоотиялық мониторинг жүргізіп, оның қорытындысы бойынша бірқатар мәселені жария етті. Бұл туралы World of NAN Ұлттық Кәсіпкерлер Палатасына сілтеме жасай отырып хабарлайды.

Облыстық Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет басқармасының бірінші орынбасары Мұратбек Қасымовтың айтуынша, ветеринария саласын дамытуға 4,8 млрд теңге бөлінген, соған қарамастан, аса қауіпті аурулардың өршуі (21 жағдай тіркелген) тіркеліп, 1516 бас ауру малды союға тура келген. Келтірілген шығынды өтеуге 15 миллион теңгеден астам қаржы жұмсалды.

«Мониторинг көрсеткендей, қазіргі жағдай жергілікті атқарушы органдардың ветеринариялық қызметтерінің жаппай ереже бұзуынан, ветеринария саласындағы заңнаманың сақталуына тиісті бақылаудың жоқтығынан, бюджет қаражатының ұтымсыз жұмсалуы, сонымен қатар ветеринариялық қызмет жүйесін тиімсіз басқару салдарынан болып отыр», - дейді Мұрабек Қасымов.

Оның айтуынша, ветеринарлық бақылау органдарында мал басы туралы ақпарат жоқ. Осылайша, деректер базасында 18 600-ге дейін жетпеген бас саны анықталды, бұл кәсіпкерлердің мемлекеттік қолдаудан айырылып қалу қаупін туғызады.


Смотрите больше интересных агроновостей Казахстана на нашем канале telegram, узнавайте о важных событиях в facebook и подписывайтесь на youtube канал и instagram.

Обсуждение

0 коментарии