Мәзір

Билік шарасыз: фермерлер 300 млрд теңгені жоғалтуы мүмкін

30.11.2023
Билік шарасыз: фермерлер 300 млрд теңгені жоғалтуы мүмкін

Мәжілісте ауа райының қолайсыздығынан қалыптасқан сапасыз астықтың болашақ тағдыры талқыланды, деп хабарлайды World of NAN.

Елімізде 5,6 миллион тоннаға жуық сапасы төмен астық болса, оның тек 200 мың тоннасы экспортталуы мүмкін. Дегенмен бұл 200 мың тоннаның өзін Қытайдың алатыны немесе алмайтыны толық белгісіз. Ал қалған астыққа не істеуге болатынын биліктегілер білмей отыр.

«Біз есептедік, осы сапасы төмен астықтың тоннасы тіпті 55 мың теңге тұрса – бұл қазір фермерлердің қоймасында 300 миллиард теңгеге жуық қаржы жатыр деген сөз. Ол бір жарым, екі айда жарамсыз болып қалады. Ал бұл ақшаны шаруаларға ешкім қайтармайды. Диқандар бізден үкіметтің не істейтінін күтеді. Я болмаса біз өзіміздің дәрменсіз екенімізді айтып, қолымыздан келмейтінін мойындауымыз керек», - деді Аграрлық мәселелер комитетінің төрағасы Серік Егізбаев.

Астық одағының төрағасы Нұрлан Оспанов Қазақстанда нарық аз болғандықтан, фермерлердің шығынға бататыны сөзсіз деп есептейді.

«Бізде Қытай мен Орталық Азия бар. Біз одан әрі экспорттай алмаймыз, өйткені көлік шығындарын субсидиялау қажет болады. Онсыз бұл нарықтарға кірмейміз. Ал «Азық-түлік корпорациясы» мен Ауыл шаруашылығы министрлігі сыныпқа жатпайтын бидай мен бесінші сұрыпқа қатысты мәселелерді шеше ала ма дегенді айтатын болсақ, менде олардың мұны жасай алмайтыны жайлы түсінік бар», - деді Оспанов.


Смотрите больше интересных агроновостей Казахстана на нашем канале telegram, узнавайте о важных событиях в facebook и подписывайтесь на youtube канал и instagram.

Обсуждение

0 коментарии