Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі Балық шаруашылығы комитетінің төрағасына қатысты тергеуді аяқтады. Бұл жөнінде World of NAN қызметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып хабарлайды.
Аталған азамат 2021 жылдан 2024 жылдың ақпан айына дейінгі аралықта шағын және орта бизнес өкілдерінен жалпы қамқорлық үшін жүйелі түрде пара алды деген күдікке ілінген.
Тергеу соты күдіктіге қатысты «электронды білезікті» қолдана отырып, «үйқамақ» түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялады.
Қылмыстық іс мәні бойынша қарау үшін Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотына жолданды.
Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды. Конституцияның 77-бабы 3-тармағының 1-тармақшасына және Қылмыстық-процестік кодексінің 19-бабы 1-бөлігіне сәйкес, қылмыстық құқық бұзушылық жасаудағы кінәсі соттың заңды күшіне енген үкімімен белгіленгенге дейін әрбір адам кінәсіз деп есептеледі.
Смотрите больше интересных агроновостей Казахстана на нашем канале telegram, узнавайте о важных событиях в facebook и подписывайтесь на youtube канал и instagram.
Обсуждение