Қазақстанның астық қоры ішкі қажеттіліктер мен экспорттық әлеуетті іске асыруға жеткілікті көлемде. Бұл туралы ҚР Парламенті Мәжілісінде Үкімет сағаты барысында ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаров 2019 жылы аграрлық саланы дамытудың негізгі қорытындылары туралы баяндады.
Бүгінде Қазақстанда 10,2 млн тонна астық бар, оның ішінде 7,8 млн тонна бидай. Сонымен қатар, 1 шілдеге дейін астықты ішкі тұтыну шамамен 5,8 млн тоннаны, оның ішінде бидай – 3,8 млн тонна. Сондықтан экспорттық әлеует 3,1 млн тонна астық болса, оның ішінде бидай – 2,7 млн тонна. Өтпелі қалдық шамамен 1,3 млн тонна.
«Осылайша, елдегі бар «астық» - халықты қамтамасыз етуге, тұқымдық және жемдік қорларды қалыптастыру үшін жеткілікті. Сонымен қатар, Азық-түлік келісім шарт корпорациясы 604 мың тонна көрсеткішінен төмендемейтін астық қорын жинады. Жалпы, өсімдік шаруашылығында егіс алқаптарын әртараптандыру үшін жүргізіліп жатқан саясат оң нәтижесін беруде» - деді Сапархан Омаров.
Ақпарат көзі: https://www.apk-inform.com
Смотрите больше интересных агроновостей Казахстана на нашем канале telegram, узнавайте о важных событиях в facebook и подписывайтесь на youtube канал и instagram.
Обсуждение