Мәзір

Астық одағы: фермерлер өндірістің өзіндік құнының мұндай өсуіне әлі тап болған емес

17.11.2021
Астық одағы: фермерлер өндірістің өзіндік құнының мұндай өсуіне әлі тап болған емес

2022 жылдың көктемі қазақстандық фермерлер үшін ең ауыр сынақ болмақ. Бұл туралы «Asia grains&oils conference in Qazaqstan 2021» конференциясы барысында Қазақстан Астық одағы Сауда комитетінің басшысы Александр Малов мәлімдеді, деп хабарлайды World of NAN.

Сарапшының айтуынша, бұл бастапқы кезеңдерден бастап соңғы кезеңдерге дейінгі өндірістік бөліктердің қымбаттауына байланысты болуы мүмкін. Мәселен, Астық одағының деректеріне сәйкес, 2021-2022 жылдардағы маусымда жанар-жағар май 50%-ға, тыңайтқыштар 100%-ға, гербицидтер 60%-ға, техника 40%-ға қымбаттады. Жалақының өсуі 10%-ды құрады, сондай-ақ дәнді дақылдардың тұқымдары бағада өсті.

«Біз өндірістің өзіндік құнының мұндай өсуіне ешқашан тап болған емеспіз. Сондықтан бұл туралы бүгін айту керек. Иә, қазір фермерлер астықты жоғары бағамен сатады, бірақ алдағы сынақтарды ескере отырып, біз олардың айналасында бірігіп, барлық қолдауды көрсетуіміз керек", – деді Малов.

Оның пікірінше, мемлекет еркін нарықтарды бақылауға алуы керек. Шектеу шараларын күшейту саясаты және оларды талқылау фермерлердің дақылдарды өсіруге деген ұмтылысын болдырмауы мүмкін. Ал бүгінгі таңда Қазақстанда астық өткізу нарығы көп болмағандықтан, шектеу шаралары тұрақты клиенттердің жоғалуына әкелуі мүмкін.

«Бізге өзіміздің экспорттық ұстанымымызды сақтап қалу маңызды. Ресейден импорт бізге артықшылық бере алады: ішкі қажеттіліктерді ұстап тұру үшін неғұрлым арзан бидай аламыз, ал біздің көлемдеріміз дәстүрлі нарықтарға экспортқа кетеді. Бұл бізге өз астығымызды неғұрлым тиімді бағамен сатуға мүмкіндік береді және нарықтағы позициямызды нығайтады», – деп шешім ұсынды Александр Николаевич. 

Сондай-ақ, ол қазақстандық бидайға арналған әлеуетті нарықтарды атап өтті. Отандық фермерлердің «қанын ішкен» Қытай біздің вагондарымыз Аспан асты елінің санитарлық талаптарына сәйкес келмейтіндіктен, бірден шетке шықты. Астық импортын бірнеше миллионға арттырған Иранға назар аударуға болады. 

«Егер Иран төлемдер мен қосымша көлемді сатып алу мәселелерін шешсе, Қазақстан бұл нарықта бәсекеге түсе алады. Түрікменстанды да қарастыруға болады, бірақ бұл жабық ел, экспорттың үлкен көлемін күтудің қажеті жоқ, шамамен 300-400 мың тонна. Егер әлемдік баға көтерілсе, онда Қара теңіз арқылы Түркия мен Еуропаға экспортты қарастыруға болады. Сондай-ақ, егер РФ-да квоталау немесе басқа шектеулер бойынша мәселелер болса, біз Әзірбайжанмен және Грузиямен сауда жасай аламыз», - деп түйіндеді Қазақстан Астық одағы Сауда комитетінің басшысы Александр Малов.


Смотрите больше интересных агроновостей Казахстана на нашем канале telegram, узнавайте о важных событиях в facebook и подписывайтесь на youtube канал и instagram.

Обсуждение

0 коментарии